Сабақ жоспарлары
Сабақ жоспарлары

Қадыр Мырзалиев (Алданбасам)

Алданбасам,
Жоқ әлі алдағаным.
Айтып келем өмірдің таңдап әнін.
Басқалармен көргенде салыстырып,
Жетіп жатыр, әрине, алмағаным.
Түсінеді деп ұғам сені, гүлім,
Тарих өзі сүйеді Сенім ұлын.
Алмағаным емес-ау —
Оны қойшы —
Бермегенім қинайды мені бүгін.
Жалғыз едім,
Анама ермек едім...
Қызығымды қай кезде көрмек елім?!
Алмағаным қалады ел мойнында,
Өз мойнымда кетеді бермегенім!
Сүйеді елі қашанда ақ түлегін,
Елім жайлы менің де пәк тілегім.
Алу үшін тумайды,
Нағыз перзент
Беру үшін туады деп білемін!

Қадыр 2019-09-15