Сабақ жоспарлары

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз

Жоспар:

І.Кіріспе.

Ақ бұлттай кірсіз табиғат.

ІІ. Негізгі бөлім

1) Табиғат тіршіліктің қайнар көзі.

2) Табиғат пен адам тамырлас.

ІІІ. Қорытынды.

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз

Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.

Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.

Шалғайын шалқар маушыған

Бұлт келді, көктем кір кетті.

Топырлап ұрған тамшыдан,

Топырақ иісі бұрқ етті.

Шілде мен тамыз пышаны

Шаң ғана болса,

Қалдырма

Терезелер құшағын

Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Администратор 2019-09-15

Туған жер...

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Администратор 2019-09-15

Күз - сағыныш маусымы

 Есіңізде ме, мектепте оқып жүрген кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпта шығарма жазушы едік қой. Ылғи да «Күз келді. Күн суып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Адамдар жылы киіне бастады. Дихандар өнімін жинап алды...» деген сарынмен жазып кете беретінбіз. Иә, бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін, сипатын баяндап жазуға қауқарлы. Ал жасың ұлғайып, ересек адамға айналғанда күзді басқа қырынан көре бастайды екенсің.

Сіз күз деген сөзді естігенді бірінші нені есіңізге аласыз? Суыған күн, сарғайған жапырақ, жиналған бақша өнімдерін бе? Әлде күздің бірінші күнінде басталған жаңа оқу жылын ойлайсыз ба? Мүмкін жылы киім сатып алу мен қысқа дайындық жасауды есіңізге алатын боларсыз? Шындығында да, әр адам әртүрлі ойдың жетегінде кетері анық.

Ал мен үшін осынау алтын мезгіл – сағыныш маусымы. Күз келсе-ақ болды әлденені, әлдекімді сағынып, іздей бастаймын. Оның не екенін өзім де білмеймін. Құдды біреуді жоғалтып қойған адамдай беймаза күй кешетінім жасырын емес. Мынау күйбең тірліктің шырмауынан бір сәтке еркіндікке шығып, көңіліме ерік бергім де келетін сияқты ма, қалай?! Әсіресе, жауынды күні, әшейінде жайдары көк аспан түнеріп, моншақтап жауған жаңбыр тамшылары терезені тырсылдатып соққан кезде менің де жүрегімді бір естеліктер мен белгісіз мұң тарсылдатып соғып жатқандай болады. Ешқандай себепсіз торығып, жанарың жасқа толып, осынау өмірде біреуден зәбір көрген жандай бұртиып шыға келесің. Өткен күндердің сәулесі есіңе түсіп, жүрегің шаншиды.

Адам деген қызықпыз ғой негізі. Жүрегіміз бұйрық берсе көзімізді тарс жұмып алып, ақылымызды істен шығарып, бұйдаланып мұрнына жіп өткізген түйедей сезімнің жетегінде сүйретіліп кете береміз. Өзімізге өзіміз есеп беруден қалып, болар іс болып, бояуы сіңгенде барып ағат басқан, ақыл құптамайтын қадамымыз үшін кімді жазғырарымызды білмей әуре-сарсаңға түсіп жатамыз. Бірақ оған кінәліны іздеудің түкке де қажеті жоқ. Сіз бар болғаны көңіліңіздің қалауын жасадыңыз. Осынау жасындай өте шығар бес күндік жалғанда кез келген адамның қателесуі заңдылық. Тіпті толық құқылы деуге де болады. Себебі кемшілік, сәтсіз қадам адамға сабақ беріп, келесіде қайталамауын қамтамасыз етеді.

Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім. Көктем – бүр жарған, тіршілік оянған жастық шағымыз. Бәрі де таза, бәрі де табиғи. Табиғат-Ана оянып, тіршілік жанданып, күн тек мейірім төгіп тұрады, жастар да қулық-сұмдықтан ада, пәк сезімнің иесі болады. Ал жаз мезгілі – тіршіліктің нағыз қайнаған шағы. Өсімдіктер өз өнімдерін беруге дайындалып жататыны секілді, адамның да жаз маусымы оның отбасын құрып, бала өсіріп, солардың болашағы үшін барын салып, бойындағы қаны қайнап тұрған уақыты деп білемін. Адамдардың ұрпақ тәрбиелеп, оларды орындарына жайғастырып, еккен егіндерінің жемісін көретін мезгілі – күз мезгілі. Балалардан рахат көріп, астына қалың көрпеше салып жан жылулығын сезінетін сәт. Соңын ала жапырақтары түсіп, жалаңаштанған ағаштардай қарттықты мойындай бастайды. Адам ғұмырының соңғы ұзақ ұйқыға кететін шағы - қыс мезгілі. Суық та ызғарлы. Көктемді аңсайтын мезгіл. Бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Осылайша өмір аяқталады. Сондықтан әрбір күннің жақсылығын сезініп, қандай сынға кез болсақ та Алланың игілігінен үміт үзбеуді үйренейік дегім келеді. Далада күз болса да, көңілдеріңіз жадыраңқы болсын!

Әсел Ережепова 2019-09-15

Күзгі күй…

Күз басталғаннан бері де бір ай өте шықты. «Жаз қашан…» деп асыға күткен әрбір пенденің сол жазда бітіретіні шамалы…күйбең тірлікпен қалай өткенін де білмей қалады. Жайдарлы жаз бізбен қимай қоштасқандай болды-ау… Жылдағыдай емес, жапырақтар да кеш сарғайды. Күннің көзі ашық,жылы болып тұр. Таңертең автобуста терезеден сыртқа көз сала отырып, есіме Қайрат Нұртас айтып жүрген бір әннің сөздері есіме түсті:

…Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры,

Ал жапырақ – адамдардың тағдыры.

Сары ағаштан түсіп жатқан секілді

Сау-сау етіп өмірімнің әр күні… Дәл солай, пендеуи өмірде анаған қол жеткіземіз,мынаның шырқау шегіне жетеміз деп шапқылап жүріп, көз алдымызда жайқалып өсіп тұрған жасыл әлем сары түспен алмасып үлгерген кезде ғана, осы маусымды артқа тастағанымызды бір-ақ байқаймыз, е-ее…тіршілік десейші…

Бала кезімізде мектепте «күз туралы шығарма жазыңдар» десе-ақ, «күз келді, айнала сары алтынға оранды…» деп бастап ала жөнелетінбіз. Сурет сабағында түрлі-түсті қарындашпен сары жапырақтарды бір-бірімізбен жарыса отыра әдемілеп салсақ, ал ботаника мұғалімінің «гербарий дайындап әкеліңдер» деген тапсырмасын естіген сәтте төңіректен жапырақ теріп кетуші едік. Оны кітаптың арасына салып кептіріп, артынан альбомға желіммен жапсырып әлек болатынбыз. … Жан-жағыма әлі қарап келем. Тағы да… сары жапырақтар… Қазір маған сол сары жапырақтар ұнамайды… біртүрлі, көңілсіздік тудыратын сияқты болады да тұрады. Тіпті, күз туралы кез келген бір өлең, не шығарманы алып қараңызшы, ішінен міндетті түрде мұң тұнған жолдарды кездестіресіз: сары жапырақ…, сарғайған сағыныш…, құстардың қайтуы, қош айтысу…, күзгі жауын…, күзгі дауыл… т.б. Ал «көктем», «жаз» сөздерінің өзі жанарыңызға жылу әкелетінін елестетіңізші…

…Күнделікті тұра сала әдет бойынша күнге тағзым етейін деп терезеге үңілсең, салқын сілем бірден аңғарылады. Көңіл көлеңке тартып қалады. «Әлі де жаз бола түссе екен» деген іште тілек бар ма екен, кім білсін. Жадыраған жазда қызылды-жасылды матаның өзі көтеріңкі күй сыйлайтын…ал қазір…адамдар сұр, қара, қоңыр түстіге ауысыпты… қайтсін… жұқа киім кімге пана болсын…?

Бүгін қыркүйектің соңғы күні. Жұмысқа келе сала, әдеттегідей пошта тексеріп, күнделікті қарайтын блог,сайттарды шолып шықтым. Бағана үйден шыға маза бермеген ойларымды аяқтайтын бір түйін жетіспей тұрғандай, жинастырған өлең, жазуларды ақтардым. Тірліктің әрбір бедеріне мән беріп, ой қорытып отыратын Бекжан Толыбайдың блогынан бұрындары көшіріп алған мынау сөздер көзіме түсті, дәл осы күзді күнгі көңіл-күй,ішкі мазасыздық екі ауыз сөзбен жеткізіліпті: «Рухымыз күздің күні ерекше бір күйге келе ме қалай, іште бір мұң, кұлазытқан күй.Жылы мекенде, терезеден сыртқа, сырттағы суық күзгі өмірге көз салып отырудан жалығар ма екенбіз. Күзгі тұман, рухымызды орап, жылытқандай болады..Бірақ….».

Тоты 2019-09-15

9 Мамыр - Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

  Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

 Неменеңе жетістің бала батыр,

 Қариялар азайып бара жатыр 

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.

  Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.

  Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Москва, сенің іргеңді

 Ел, ер болып сақтаймыз

 Сенен аяр жан да жоқ,

 Барлығы да сен үшін,

 Саған қауіп төнгенде

 Жау таянып келгенде,

 Қамсыз тыныш жатпаймыз

 Алпыс ұлттың адамы,

 Қол ұстасып үн қосып,

 Қорғауға сені дайынбыз, -

 

 деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады.

 Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.

 

 Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.

  Биылғы жыл Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың жүз жылдық мерейтойы жеңістің алпыс бес жыдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

 Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!

Администратор 2019-09-15

Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН..

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ  тілі.

Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.

1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.

Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.

2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан

Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді.

Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.

Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.

Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:

Менің Отаным – Қазақстан,

Жасара бер әрқашан.

Президент ата Нұрсұлтан

Біздің елді басқарған.

Администратор 2019-09-15

Менің отаным..

Кеңсің дала

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала

Жан беретін

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана. (Сәкен С.)

Туған жер  – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!

Сен барсың менің жанымда,

Көктемнің гүлі ашылған!

Балалық шағым қасыңда,

Тағдырым сенсің, Қазақстан!

Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.

Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.

Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.

Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.

2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.

Администратор 2019-09-15

Достық туралы

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет.Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Администратор 2019-09-15

Достық...

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,

Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,

Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,

Бір дос бар қораңнан мал кеткенше, Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық.

Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Бұл жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын ойнайтын құрбысын өзінің досы деп санайды. Құрбыларымен ұрысып қалғанда құрбысын жақтап шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә бұл жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын осындай еді. Ал қазіргі заманда 4 сыныпта оқитын бір қыз ойын ойнап жатқан қасындағы құрбысының үстіне қарап «кетші мен сенімен ойнамаймын, сенің киімің жаман», - деп көкірегінен итергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емес пе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық дүниелер жайында емес, баларының сабағын сұрағанда, үлгерімі жақсы оқушылармен дос бол, пәленшемен дос болма ол нашар киім киіп жүреді, сабағын да жақсы оқимайды. Иә ол жаман киім киеді, үлгерімі жақсы емес, алайда ол балада барлық адамның бойынан табыла бермейтін, адамгершілік, досқа адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам көркі шүберек деп текке айтпаған шығар, бірақ шүберек бітер, ал достық ше, достық қайда сонда? Міне баланың өмірге деген көзқарасы осылай атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін адамдармен достасу керек, яғни оның пайдасы тиеді деген ой қалыптасады.

Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңізде өмір сүріп жатқанан кейін өмірде сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқа сүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені қолпаштап жүрген жандардың бірін таппайсың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал ма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б.Грасиннің «Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара, тіпті бітіспес жауыңа айналып кетуі мүмкін; өмірде мұндай жағдайлар бола береді, ал сен соның алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның қолына қару ұстатпа, ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы аяусыз болады. Дұшпаныңмен, керісінше, бітімге келер есігің әрқашан ашық тұрсын, бұл есігің, ең сенімді жол – ақпейілділігің болсын. Көбінесе, дұшпанымызды сансыратып кек алсақ деген оймен жүреміз, содан ләззат аламыз, ал арты уайымға айналады» - деген астарлы мағынасы терең өсиетін тілге тиек ете кетейін. Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша уақыт өтседе ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік.

Жасұлан Исакаев 2019-09-15

Ана..

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -

дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек.

Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.

Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Администратор 2019-09-15

Асыл Ана...

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Ана – жүрек, жүректі құдіретте.

Ана – тірек, тіректі құрметте,

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.

Ана – күнің, күніңе табынып өт. –

деп жырлағым келеді.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен Анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Баласы үшін Анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол Ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың Анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-Анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-Ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

Ұрпаққа бақыт сыйлаған

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

деп өз ойымды білдіргім келеді.

Администратор 2019-09-15

Ана тілім ..

Ана тілі дегенімізсол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. 

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тілтуралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. 

Администратор 2019-09-15

Қыс..

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Администратор 2019-09-15

Қыс...

Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.

Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Администратор 2019-09-15

Менің отбасым ...

"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім,

"Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ"

-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

 

Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі .

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

Администратор 2019-09-15

Табиғат ...

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат –адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаган сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен , аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда . Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең , он тал ек» демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек. Егер осы мәселе қаралмай кала берсе төңірек азып кетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» жарлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде «Экологиялық білім мен тәрбие беру»тұжырымдамасы экологиялық білім беру бағыттарына арналады. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, біз ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ - біз.Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші.Табиғат біз киетін киімді,оқитын кітапты,тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз.Өлкелерді көгалдандыру жұмысы жүргізілсе деймін.Экологияы және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң,қатты суық және ыстық желдерден ,микробтар,түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Мен өзімнің туған өлкеме қарағай т.б ағаш түрлерін ексе екен деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек.

Администратор 2019-09-15

Менің Отаным - Қазақстан.....

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Администратор 2019-09-15

Ана......

Ата-ана  – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ана ның қадірі ерекше әспеттелген.

 Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ана ны ардақтамайтын халық та жоқ.

 Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана  қоймайды.

 Бала, бала, бала деп,

 Түнде шошып оянған.

 Түн ұйқысын төрт бөліп,

 Мұзды бесік таянған, -

 да ана , көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана . Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана . Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп ата лады.

 «Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда ата қты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.

 Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уата тын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана  бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.

 Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп ата лады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл ата улының бәрі күннің нұрынан, ана ның ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс сана лады.

Администратор 2019-09-15

Ана ....

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жана шыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Ана – жүрек, жүректі құдіретте.

Ана – тірек, тіректі құрметте,

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.

Ана – күнің, күніңе табынып өт. –

деп жырлағым келеді.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана  жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен ана дан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбата ды.

Баласы үшін ана сы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана  өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың ана ға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата -ана сын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата -ана ның борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

Администратор 2019-09-15

Асыл ана ...

Өмірде ана  алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.

Ғалымдар адам ана ларынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана  жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана  ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана  құшағы ғана .

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ана ны құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі ана ңа, тағы да ана ңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер ата ң мен ана ң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі ана ңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата -ана сының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ана ның құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ана ны мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: ана ңды қалай сыйласаң, өз балаңның ана сын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса. Асыл ана 

Администратор 2019-09-15

Табиғатты аялайық ....

Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады.
Шалғайын шалқар маушыған
Бұлт келді, көктем кір кетті.
Топырлап ұрған тамшыдан,
Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны
Шаң ғана болса,
Қалдырма
Терезелер құшағын
Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Администратор 2019-09-15

Мейірімді аңшы

Бір күні аңшы аң аулауға шығыпты.Ол аңдарды іздеп, орманға барыпты. Орманда таза ауамен серігіп отырайн деп, жерге жайғасыпты.Демалып мылтығын ұстап отырды. Аңшы ойланып отыр екен. Аңның бәрі қайда кеткен деп... Дәл сол сәтте, бір қоян қуыстан шыға келді, аңшыны көрмеген сияқты. Аңшы мфлтығын алайн деп жатты. Осы кезде сол қоянның артынан балалары шыға келді. Аңшы оларға қарап,жымиып мылтығын орнына қойды. Оларға қарап таңғалып,аппақ қошақандарын алып жүрген анасына таңғажайып әсер алды. Қоядар өздерінің қуыстарына қайтан секіріп кетіп қалды. Аңшы да өз жолымен үйіне бас бұрды. Аңшы өз ішінен айтты, бұндай таңғажайыпты әлі көрмегем екен, бүгін осындай әсерім үшін еш жануарға тиіспейн деп өз жөніне кетті.

Администратор 2019-09-15

Ұстаз-ұлы тұлға ...,

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.

Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.

Балалар өлең оқиды.

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,

Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын.

Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”

атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Администратор 2019-09-15

Абай Құнанбаев ....

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да! Өкінішке орай, Абайдың сол әлеуметтік-философиялық өткір сындарын сындарлы сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап - толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрібір ол кемшіліктен арыла алмаймыз ғой.

            ...Біріңді қазақ бірің дос,

            Көрмесең істің бәрі бос.

            Малыңды жауға

            Басыңды дауға

            Қор қылма, қорға, татулас...

Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танутудың сан түрлі жолы бар. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді.

Администратор 2019-09-15

Батырлар жыры....

Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.

Администратор 2019-09-15