Сабақ жоспарлары
docx

0-ден 10-ға дейінгі сандар,толық ондықтар.100

Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау • Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық. • 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады). • 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық? • 9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем? • 3,9,1 сандарының көршілерін ата • 6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады? Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді. 2. Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.

Администратор 2017-04-01

doc

Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев

Қ.Сәтбаев туралы тұжырымдама 

Айгуль Амиза 2017-04-26

docx

Ұлы қолбасшы Шыңғыс хан

. Шыңғыс хан ұлы империясының негізін салушы (1206) ұлы хан, қолбасшы, саясаткер. Шыңғыс хан Азия мен Шығыс Еуропа халықтарына қарсы жаулап алушылық жорықтар ұйымдастырды.

Айгуль Амиза 2017-04-26

doc

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында ешкімге ұқсамайтын өз дауысымен, өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп көрінген Мұхтар Шаханов – айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшелінген көрнекті ақын, ол қазақтың қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлғаға айналды. 

Айгуль Амиза 2017-04-26

docx

Өз құқығыңды білесің бе

Өз құқығыңды білесің бе?

Оразбек Смаил 2017-04-26

doc

Тәрбие сағаты: Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

 Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Айнур Хамзина 2017-05-08

docx

Тәрбие сағат тақырыбы:«Наурыз мейрамы»

Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. 

Айнур Хамзина 2017-05-08

docx

ата аналарға логопедтің кеңесі

ата аналарға арналған кеңес

Балгаева Толғанай Сағадиқызы 2017-05-11

docx

Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау

Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау туралы. Қандай жұмыстар жүргізілетіні. Зерттеу жұмыстары

Шынар Уәлитханова Саясатқызы 2017-05-18

docx

Қасым Асанов- биік тау

Қасым Асанов кім? Міне осы сауалға бұл мақаладан жауап таба аласыз.

Ұлан Иманғалиев 2017-05-18

docx

Жаңа мектепке-жаңашыл мұғалім

Эссе 

Лайла Есенғазы 2017-05-30

docx

ЕРКІНДІКТІҢ КӨК ТУЫ БИІК БОЛСЫН!

ЕРКІНДІКТІҢ КӨК ТУЫ БИІК БОЛСЫН! ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ, АЗАТ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ БОЛҒАНЫМА ҚУАНЫШТЫМЫН!

ӨРКЕН АҚБАЕВ 2017-11-23

pptx

Туган ел

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды

Гулмира Худайбергенова 2017-12-08

docx

Баяндама: Кері байланыс

Жаңартылған білім мазмұны бойынша кері байланыс

Аяулы Козыбакова 2017-12-26

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.           Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген. 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған. 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманағын шығарған. 1932-1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған. 1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағалығына сайланған.          Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.          Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы (орыс тілінде «Сын бая», 1934), тағы басқа туындылары жарияланды. «Сұлушаш» дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал «Адасқандар» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды.          30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз - Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), тағы басқа туындыларынан замандас бейнесі, қоғам кескіні аңғарылады. Одан соң «Теміртас» (1935), «Есіл» (1937) романдары, «Достар» (1937) повесі, тағы басқа шығармалары жарыққа шыққан. «Жұмбақ жалау» (1938, «Ботагөз», 1948, орыс тілінде «Ботагоз») романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.          «Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілген.          Сәбит Мұқанов 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты. 50 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын жазды. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам-Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған. Өлеңмен жазылған «Замандас туралы аңыз» атты шығармасын 1961 жылы жариялады. Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған.           Сәбит Мұқанов драматургия саласында да көп еңбектенді. Кезінде театр сахнасынан тұрақты орын алған «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесалары - көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған шығармалар.          Сын, әдебиеттану саласына жазушы көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге, поэзия теориясының қағиадалары мен ережелеріне, өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялары, сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып, олардың халық шығармындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау, зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты.          18-19 және 20 ғасырлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармалары туралы зерттеу еңбектер жазды. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын, негізінен, 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбайұлы, 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20 ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір дұрыс еңбек болды. Еңбекте Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қараш, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқа ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен, көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жүлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974, Қазақ қауымы, 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы, тағы басқа туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды.          Сәбит Мұқанов сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі, өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің  қадамдарына қолдау көрсетіп, қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. Сәбит Мұқанов есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. 1956-1966 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 2 - 8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып сайланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанған.          2 рет Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.          100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласындағы көшеге, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілген. Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылып, әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.  Дерек көзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том.


Асыл Арман 2019-09-15

Жатсынғаным жанашырым екен

Жатсынғаным жанашырым екен
Иманипедагогика - көшпелі мәдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол - кемел кісі қалыптастыру, имандылыққа, ізгілікке, еңбекке және өмірге баулу қатарлы тәлім - тәрбие беру қазақтың ілім - біліміне сүйенеді, олардың ұстаным қағидаларын басшылыққа алып, заманауи тәрбиелеу, дамыту жолдарын айқындайды, келешегіне бағыт - бағдар береді. Имандылық тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан - жақты дамып жетілуіне бағытталған. Алайда, иманипедагогика - ислами педагогика, гумани педагогика және этнопедагогикалардың жәй көшірмесі ғана емес, сондай - ақ материалистік педагогиканың заманға лайықталған жаңа атауы да емес. Иманипедагогика - заманауи тәрбие теориясы. Ол осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы. Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гумани - педагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байланыстарына сүйеніп, олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым.

Иманипедагогика əлеуметтiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тəн тəрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында; отбасы өмiрiнде; тұрмыста; салт - дəстүрлерде орын алған халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл даналығын, сондай - ақ кісінің əлеуметтiк жəне тарихи - мəдени тұрғыда қалыптасуына ықпал ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой - пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен принциптерiн, құралдарын, əдiс - тəсiлдерi мен амал - жолдарын жинақтап, жүйеге келтiредi, зерделейді.
Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш - қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. Тәрбиенің әлеуметтенуі, әлеумәлеуметтік педагогиканың қажеттілігі өте артқан мына заманға сай, қай педагогика болмасын жеке дара қызмет ету мүмкіндігі мүлдем болмай қалғанын ескеріп, иаманипедагогика барлық адамтану ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Иманипедагогика - бауырмалдық ынтымақ береке педагогикасы болуы тиіс. Қазақтың отбасылық педагогикасы имандылық педагогикасымен өте жақсы үйлеседі. Айталық: әулет педагогикасында елжандылық - туысжандылық, ауылжандылық, ружандылық, ұлтжандылық деген сатылармен қалыптасады.

Иманипедагогика осы ұстанымды тура басшылыққа алады. Алайда оның көшірмесі емес. Анығырақ айтқанда иманипедагогика - отбасылық қазақ педагогикасын, этнопедагогиканы, гуманипедагогиканы, материалистік педагогиканы ығыстыруды көздеген тәрбие теориясы да емес. Бір дәуірде тәрбие теориялары жеке бағыт алып, өте дәлдікпен салаланып, тармақталып дамығаны белгілі. Ендігі бір дәуір де олар қайта бірігіп ұштасу дәуірі болуға тиіс деген ұстанымды басшылық етіп, оларды бір арнаға бейімдеу үшін жасалып отырған талпыныс. Әлем педагогикасында ондай үрдіс осы күннің өзінде бар. Ал, шындыққа келсеңіз қазақтың отбасылық педагогикасы - иманипедагогика болатын. Иманипедагогиканың осы бағытты ұстануының басты себебі, тәрбиелік іс әрекеттер әлеуметтік тәрбиелік институтары мектеп, медіресе, білім ордасы, сонымен қатар мәдениет өнер шаңырақтары қатарлы сан - салалы қоғамдық мекемелерде: музей, кітапхана, театр т. б. әдебиет және мәдениет, техникалық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі арқылы жүзеге асырылып жатқандықтан қоғамның барлық қатпарына бірдей етене араласып кіріге алатын педагогикалық көзқарастың жалпыға ортақ үлгісі қажет болды. Осы қажеттілікке сай иманипедагогика өмірге келді. Оны қоғамдық орта жатсынбай қабылдауда.
Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің, ақыл - парасатымен даналығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік - қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі. Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп, үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып, Ана және Дана мектептерін

бітірген, Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ - жырау, әнші - ақын, сері - сал, т. б. қазақтың ақылман ойшылдары, әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы - бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер - тәуіптері, тарихшы - шежірешілері, дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері бәрі - бәрі - Қазақ Педагогикасынан нәр алған, оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген, шыңдалған - КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері, білімдері тым терең, шексіз аумақты, өте асыл қазына. Осы қазынаны зерттейтін педагогика ғылымының бір саласын - ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз. Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт - дәстүрімен, таным - түсінігімен, наным - сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. «Имандылық» деген ұғымның аясына бір Аллаға деген сеніммен бірге адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жатады. Қазақ барын қанағатпен пайдаланып, сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады Имандылық - біздің ұлтымыздың адамгершілікке қатысты негізгі өлшемі. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып, жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді
Иманипедагогикада тәрбиелеудің түпкі мұраты - кемел кісі қалыптастыру болып табылады. Кемел кісі қалыптастыру іс - әрекеті ұзақ уақыт бойында, ыждаһаттылықпен жүргізілген педагогикалық кешенді процесстің нәтижесінде жүзеге асады. Ол бірнеше кезеңдер мен белестерді басып өтіп, дамудың сан - салалы сатыларын бастан кешіріп, түпкі мұратына жету жолында алдына ашық айқын мақсаттар қояды. Осы мақсаттың алғашқысы -«иманды ұл, ибалы қыз» тәрбиелеу болмақ. Иманды ұл, ибалы қыз балалық шағында(3 - 15 жас аралығында) мына үш адами сапаны игеруге тиіс.
Бірінші. Жаратушыдан берілген ақыл - парасаты молығып, нұрлануы шарт. Көкірек көзі ашылу басталып, ақыл көзі айқындала түсу керек. Бұл оқу - тоқу жасалмаса, оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл, ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша Адам интеллектісінің 40 - 50% бес жаста, 60 - 70% жеті жаста, 9 жаста 92%- ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады. Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын - ойыншық, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ (оның өзі бес бағытта), ертегі, есеп, әңгіме бар екен. Бұларды жинақтап, іріктеп, зерделеп, отбасында, балабақшада, мектепте оқытып үйретіп, пайдаға асырушылар да бар.
Екінші. Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның әрбір даму кезеңінде, жасының ерекшелігіне сай игертуге тиісті биязы әдеп, жібек мінез дағдылары бар олардың игерілу дәрежесіне қоятын талап, игерілу дәрежесін сынау амал - айласы өте айқын болған оны бақылап байқап, сынап тексеріп отыратын жүйелі безбендеу әрекетін қатаң ретпен жүзеге асыратын. Айталық, бала 3 - 13 жас аралығында биязы әдепке жаттықпаса, жібек мінез игермесе, дағдыланбаса әдепті өз бетімен ізденіп, қалауы бойынша кез - келген ұлттың әдебін бойына сіңіреді. Оны қайыра түзеу қиынға соғады. Әдеп пен мінез «қайта тәрбиелеуге оңай көнбейтін» сезім. Бұл турасында талай келеңсіздікті бастан кешіріп келеміз. Әлі де, секем ала қойған жоқпыз. Соңы қайырлы болсын делік.
Үшінші. Иманипедагогиканың ең елеулі бір заңдылығы баулу іс - әрекеті - бір ізді, сабақтас әрі жүйелі болу керек. Осы заманғы отбасында, балабақшада, мектептегі тәрбиелеу ісінде жүйелілік жоқ. Әр сатылы мектептің әр сыныбына аталмыш оқу жылында биязы әдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп, келесі сатысында қандайын үйретуге тиісті екені белгісіз, жоспарсыз, бағытсыз, есепсіз күн кешуде. Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен дәрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы әдеп - адамшылық айнасы», «жібек мінез - бақытқа жету бастамасы»- деп сарнаймыз.
Имандылық, ізгілік, сүйіспешілік - иманипедагогиканың асыл өзегі. Тәрбиелеу қазақ ілімінде мынандай тұжырым бар: «Басына бақ жұғысып, құт қонатын қазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты келеді. Себебі - қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты, Тәңір сыйы»,- деп көріп, оларды -«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат, мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі. Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін, тіптен уақытша болса да сәбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі осында. Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.«Мейірімділік - мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл»»,- дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз әбден жетеді. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап, махаббат алақанында әлпештеніп, жайсаң мінездер қалыптасады. Перзенттік борыш, ата - аналық махаббат, туысқандық мейірім, достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық, бауырмалдылық - осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі, көгеріп көркеюі - ізгіліктің, сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі. Бұл басқаның беретін бағасы, қайрымдылардың тартар сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі. Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш. Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде. Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндермен сиыспайды. Сүйіспеншілік - барлық руханилықтың тамыры, барлық шығармашылық пен ізденістердің мәні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі. Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру - бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет. Ұлттық рух - ұрпақ тәрбиесінің арқауы. Ұлттық рух дегеніміз - өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады. Жалпы, Сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған нәзік сезімі, ерекше несібесі. Оның нышаны тілі шықпаған «жанды бақа» нәрестеден де сезіліп тұрады. Сүйіспеншілікті Яссауи бабамыз, Абай данамыз Аллаһты танудың жолы, оны «көрудің» ерекше көзі десе Шәкерім атамыз Әлемді танудың, саналы іс - әрекеттің басы деп көрсетеді. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қанағатшылдық ұғымы. Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір - ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналады. Иман - қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата - бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі - осы. Барлық бет - болмысының, мінез - құлқының айнасы. Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным - сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды. Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет. К. Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К. Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық - ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес. Имандылық - қазақ үшін, жалаң ислами ұғым да емес. Ол наным - сенім ретінде, қашаннан бар, ұласып келе жатқан түсінік. Асылында, исламдық иман ұғымымымен астарласып іштей қабысқан қазақтың дүниетанымдық сенімі, тарихи даму барысында өзіндік имани әдет - ғұрып, салт сана, әдеп - ереже қалыптастырып, қазақи иман ұғымын өмірге әкелді. Қазақтың бұл ұғымы, ой - пікірлері, түсінігі жалғасып, сабақтаса отырып санаға сіңіп, имани қазақ дәстүрін түзді. Тарихи даму барысында ол жүйеде өзгеріс, даму, іркіліліс, сондай - ақ бұлқыныс, сілкініс болғаны да рас. Алайда, ұлттық тамырынан мүлдем арылып, сабағынан үзілмегендіктен, адамдар арасындағы қатынас, жұрттың күнделікті өмір тіршілігінен олардың көрініс беріп отырғаны баршаға аян.
Иманипедагогикада текті жан (үш жастан) қырыққа дейін (кей нұсқада 45 - ке дейін) қалыптасып, жетіледі. Қырық жас - қынынан суырылған қылыштай жарқыраған, ақыл - естің толысқан, қүш - қуаттың молайған, өнер білімнің өрістеген мезгілі. Қырық жас - Мұхаммед (с. у. с.)- ға пайғамбарлық қонған жас, Алла Тағаланың адам денесін өз қолымен саз балшықтан илеген уақыты. Ер жігіттің қамал бұзар толысқан жасы. Ал, ғылым бойынша: Кісі - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс - әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі. Иманипедагогикада тәрбиелеу дегенді біздің осы күнгі түсінігімізден бөлекше сипаттайды. Ол бойынша: ізгілікті іс - әрекет, ниет, көмек – тікелей жүргізілген татымды тәрбие. Оның орны тым бөлек. Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазылған қағида мынау: «Тәрбиенің пәрменділігі мектептің, жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға, жалпы жасқа мінез - құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты, пәс болса, тәрбие нәтижесіз, жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «... тәрбиелеу дегеніміз қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тәрбиелеуді – баулау – деген. Баулау - баптау, жәй - күйін келтіру. Жасөспірімдер биязы әдеп, жібек мінез игеретіндей, көкірек көзі ашы - латындай олардың жәй - күйін келтіріп, қамқорлық жасап аяласаң еңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр. Иманипедагогика тұп тура осы заңдылыққа сүйенеді. «Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп Ж. Баласағұн атамыз айтқандай, әрине, ізгі жолда әрқашан дұрыс іс - әрекет жасау керек.
Иманипедагогикада отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл - парасаты мен ой - өрісін жетілдіретін тәлім - тәрбие алатын орданы, ошақты, ұжымды айтамыз. Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке, ойын сауық алаңы, медіресе - мектеп, еңбек мейрамы, ақындар айтысы, кітапхана, музей, жастардың техникалық үйірме өткізетін немесе спорттық жаттығулар жасайтын ордалары, спорт алаңдары бәр - бәрі жатады. Қазақта мұндай мектептер көп болған, кәзір де жұмыстап жатқандары баршылық: Ақсақалдар мектебі, Қарашаңырақ мектебі, әжелер мектебі, ана мектебі, жеңге жезде мектебі, т. б. Баланың алғашқы тәрбие алатын мектебі – отбасы. Барлығына қойылатын талап мынау: балалардың, жастардың, ересектердің ақыл - парасаты мен ой - өрісін жетілдіруге, оларға дене және патриоттық, сондай - ақ, жалпы тәлім - тәрбие беруге асқын мүмкіндік жасалған, қайырымдылық пен мейірімділікке малшынған, жағдайлы жәй - күйдің толық болуы. Ол - мәжбүрлеп білім беріп, тәрбиелейтін орын емес. Жәй - күйі, мүмкіндігі шәкірттің өз бетімен ізденіп білім алып, тәрбиеленуіне Он мүмкіндігі толық «мектептерде» кейде ұстаз да болмайды. Шәкірттер қаласа, әрине қасынан табылады ғой! Жұмыр Жерде ондай мектептер көп болмаса да жұмыстап тұр. Ыбырай атамыз: «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт - дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана - сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп, сонау заманда айтып көрсетіп, ескертіп түйіндеген екен. Атамыздың айтқаны осы заманға дәл келіп тұр. Оны жатсынар жоқ.

Қобдабай Қабдыразақұлы 2019-09-15

Жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы

Еліміздің ертеңі бүгінгі жaс ұрпақтың қолында, aл жaс ұрпақтың тағдыры ұстaздардың қолында.
Н. Ә. Назaрбaев

Зaман алға жылжып, қоғaм өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сoндықтан білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты — білім сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016 - 217 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең aуқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын aрттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бaстады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Спирaлды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Яғни білімнің қaрапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қaлыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Жаңaртылған білім мaзмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғaлімге оқушының білімін, ептілігін және дaғдысын анықтап қана қоймай, сонымен қaтaр оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Геогрaфия сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жaқсарту мүмкіндіктерін aнықтауға бағытталған болса, жиынтық бағaлау мақсатты бaға қою немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Критериалды бағалау бойынша мысалы қалыптастырушы бағалауға тапсырма жасаған кезде оқу мақсаты сaбақтың мақсатындағы етістікті Блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет. Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз. Оқу мaқсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Сабақты құрғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа аламыз. Етістіктерді дұрыс қолдану — оқыту нәтижелерін ойдағыдай жазып шығудың кілті.

Бағалау критерийі де оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескpиптоp — оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескриптоpларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсыpманы орындау үшін берілетін уақытты нақты белгілеу. Жұмыстың аяқталу мерзімін тақтаға жазып қойған орынды. Дәл осы уақытта жұмыс тоқтатылып, қажет болса жиналып алынады. Мұғалім тапсырманы қалай орындау керегін түсіндіреді, немесе тақтаға жазып қояды. Әр тoпқа немесе әр оқушыға таратып беpуге де болады.

Тапсыpма бойынша не жасау керектігін 1 минут уақыт беріп топ ішінде талқылауға да бoлады. Критеpийлер мен дескрипторлар әр оқушыға немесе топқа таратылады. Интерактивті тақтаға шығарып қoюға да болады. Тапсыpманы дұрыс түсінгендігін анықтау қажет. Берілген тапсырманы топ немесе жұп құрамында оpындау қажет. Oқушылардың бұл жұмысты таңдап алған рөлдер ауқымында жүзеге асырғандығы дұрыс. Мұнда топтағы өзара позитивті тәуелділікті тудыру үшін әр топтың спикерін көрші топтың таңдағаны oрынды. Бұл спикерді топтың өзі тағайындаудан әлдеқайда тиімді болады, өйткені топ мүшелері топ намысын бермеу үшін барлық оқушылардың талқылауға белсенді қатысып, спикер болатындай дәрежеге шығуға тырысады. Oқушылар өз жұмыстарын сыныпқа таныстыру, қорғау үшін қанша уақыт берілгенін айту керек. 1, 2, 3 минут.

Жариялау барысындағы ең маңызды сұрақ: «Бір топ қорғағанда қалған оқушылар не істеп отырады?» Қалған оқушылар бекер отырмау үшін олар бір - біріне кері байланыс беруге дайындалып отырады. Oл үшін жариялаумен таныса отырып (тыңдап, қарап отырып), бір топ (немесе бір оқушы) сұрақтар қоюға дайындалса, екінші топ (немесе оқушы) «жұлдызшалар» беруге (таныстырылымның ұтымды жақтарына тоқталу), ал үшінші топ (немесе оқушы) таныстырылымды қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс жасауға дайындалады. Егер төpтінші топ болса (немесе төртінші оқушы), онда оларға таныстырылымды қорытындылау тапсыpмасы беріледі, яғни оқушылар мұның оларға жасаған әсері, көмегі, маңызы туралы өз ойларымен бөліседі. Oсылайша оқушылар тек мұғалімге жауап бермей, өз таныстырылымдарын бүкіл сыныпқа бағыттайды. Қалған оқушылар да өздерінің жұмыстарымен әлек бoлмай, назарларын жарияланып жатқан жұмысқа (немесе айтылып жатқан жауапқа) аударады.

Жариялау немесе таныстырылым аяқталған соң оқушылар oның сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасайды. Әрине, мұнда кері байланыстың «сыншыл дос» ұғымы ауқымынан шықпағаны дұpыс. Сoнымен бірге кері байланыс жауап берген оқушыларға пайдалы бoлып, oлаpды ынталандыруы және қанаттандыpуы керек. Мұнда бұл оқушылардан кері байланысты қалай қабылдағандығы туралы сұраған орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату. Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым - қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе oтырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксіз жүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі. Сабақта мұғалім әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалауды кіріктіріп отырса, Джон Хэтти зерттеулеріне сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қаpағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені ескеpілсе, оқыту нәтижелі болады. Оқушылар сабақ үдерісінде құрбыларын бағалауда бір - біріне құнды кері байланыс ұсына алады және бір - бірінен үйренеді, бір - бірін қолдайды. Жаңартылған мазмұндағы білім беруде, oқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру — мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Қазіргі заман мұғалімі — рухани жағынан дамыған, педагогикалық әдіс - тәсілдердің барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болуы керек.

Мұғалімдеp пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, oқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады. География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге, болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына мүмкіндіктер береді. География ғылымы - өте қызықты да күрделі ғылым.

Жаңартылған білім мазмұнын география пәнінде жүзеге асыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. ХХІ ғасыр — ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, oның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқаpады. Геогpафия пәні үшін басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұмысты талап етеді, сондықтан оқушылардың материктер мен дүние бөліктеріндегі және аpалдардағы елдер мен халықтаp жайында деректерді жинау, oларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау басқа пәндермен байланыстыpу оқушы үшін ерекше қызық.

Мысалы: материктің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, сoлтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін бейне материалдан көрсету оушының білімін кеңейтеді және пән туpалы ұғымын қалыптастырады. Oқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, интернет ақпараттарын пайдалану арқылы бір - бірімен білім алмасып бір - біpінің оқуының ілгерлеуіне ықпал етеді. Нәтижесінде білім алушылар өзара ынтымақтастықта жұппен, топпен жұмыс істеуге; өз ойларын еркін жеткізуге; өзін - өзі және серіктестерін бағалауды жүзеге асыруға; бір - бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға; оқытудың белсенді әдістерінің пән мазмұнына еніп, алынған білімнің негізінде еркін бағдарлай білуге дағдыланады. Қорыта келе айтарым, жаңартылған мазмұндағы білім беруде, оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру — мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. География сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту тәсілдерін қолданудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызы зор.

Администратор 2019-09-15

docx

Көшпелілер. Көшпелі қоғам

Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп - қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.

Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.

Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда - ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді.

Нургул Даривхан 2019-09-11

doc

Образдың түрлері

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.

Мектеп оқушыларына әдебиет мұғалімдері қашаннан бері образдың тек екі - ақ түрін атап, түсіндіріп келеді. Олар — жағымды образ және жағымсыз образ. Әрине, бүл түрлердің белгіленуінде әжептәуір логика бар: суреткердің өз шығармасындағы әр образды жасау тенденциясына қарап, әр образдың мінез - құлқына, кескін - кейпіне, іс - әрекетіне қарап, оны не ұнатамыз, не ұнатпаймыз. Мысалы, Амантайды, Ботакөзді, Асқарды ұнатсақ, Итбайды, Мадиярды, Кулаковты ұнатпаймыз. Осыдан келеміз де, алғашқыларын — жағымды образдар, соңғыларын жағымсыз образдар деп ап - айқын екі топқа оп - оңай бөле саламыз.

Ал енді, дұрысын айтар болсақ, образдарды дәл осылай топтастырудың өзі аса ірі эстетикалық сауаттан немесе талғам мен талаптан туған нәрсе емес. Мектеп оқушыларының ұғымына оңайырақ болу үшін, әрине, әлі де болса жағымды, жағымсыз деген анықтағыш сөздер қолданыла тұрар, бірақ университет қабырғасында бұл секілді жадағай, жайдақ ұғыммен місе тұтуға болмайды.

Неге?
Негесі сол,— алдымен, осынау жағымды, жағымсыэ деген ұғымның өзі ерсі Образ дегенді біз тірі адам деп ұғар болсақ, ойлап қараңыз, өмірдегі адам атаулының бәрін жағымды, жағымсыз дегендей ап - анық екі топқа, дәлірек айтқанда, екі сортқа бөлуге бола ма? Осының өзі тіпті мүмкін бе? Ылғи ғана жағымды немесе ылғи ғана жағымсыз мінез - құлықтан құралған адамдық бітім не болмыс бола ма? Жоқ, бұл қиын: әлдебір дайындау мекемесінің елден жиған тері - терсегін сортқа бөлгені тәрізді өмірдегі тірі адамдардың жағымды - сын бір бөлек, жағымсызын бір бөлек іріктеп, сорттап шығу мүмкін емес. Өнерде де солай Айталық, Құнанбай. Адамға тән жақсылы - жаманды не қасиет болса, соның бәрін бір өзіне жинап алған осынау күрделі, кесек тұлғаны тек жағымсыз образ деуге бола ма? Жоқ, болмайды. Олай болса, әдебиеттегі адам образын да әлгідей топтау — тым шартты нәрсе.

Образдьң түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі. Романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т. б Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет

Нургул Даривхан 2019-09-11

docx

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін - өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеті:
1. Баланы өзіне жақын тарту.
2. Оқушының жан – жақты дамуы.
3. Өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі.
4. Келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуы
5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы.

Нургул Даривхан 2019-09-14

docx

Білім жүйесін бағалау: Бағалау жүйесіндегі кейбір мәселелер

Мақсаты: Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан - жақты және әділ бағалай білу.


Міндеттері:
а)Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту.
ә) Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету
б) Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту.

Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы , ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек.
Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде. Әзірге 5 балдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен бақылап – бағалаудың жаңа қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылып келеді.

Нургул Даривхан 2019-09-14

docx

Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан - жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз - ертегілер («Мұңлық - Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т. б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Нургул Даривхан 2019-09-14

docx

Есенжанов Хамза Ихсанұлы

Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — 5.12.1974, Алматы) — жазушы.
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928), Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933),
Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған (1934 — 1936). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932 — 1933), КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936 — 1937) қызметтерін атқарған.
1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.

Айшуаков Мерлан Адилович 2019-09-14

docx

Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні.


Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. (Н.Ә.Назарбаев)
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне тәрбиенің қосар үлесі мол. Халық келер ұрпағын тәрбиелеуде өзіне дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ, барлық демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдардың көпшілікке ұсынған тәжірибесінен ғибрат алуға болады.

Я.Н.Каменский баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу жолдарын, швед педагогы И.Г.Пестолоций «Баланың дүниені түсінуі, отбасынан басталып, мектепте ары қарай жалғастыруы шарт», - деген қағиданы ұсынған, К.Д.Ушинский «Халық педагогикасының тәрбиелік мақсаты мен мазмұны сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбие көзін халықтың жақсы дәстүрінен іздеу керектігін» айтқан болатын. Болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын біздің абыройлы қызметімізге үлкен міндет жүктелген.

Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна 2019-09-14

docx

Интернет

Тақырыбы: Интернет
Жоспар: 1. Кіріспе
2. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
3. Тұрақты қосылып тұратын байланыс
4. Интернетке қатынас құру
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады.

Орынбасар Қайырбек Өтегенұлы 2019-09-14