Сабақ жоспарлары

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ?

Курстық жұмыс қалай жазылады және курстық жұмысты қалай жазуға болады деген сұрақтар көптеген студенттерді мазалайтыны белгілі. Ендеше біз осы курстық жұмыс қалай жазылады деген сұраққа жауап беретін боламыз.

Ең алдымен курстық жұмыс тақырыбының мағынасын тереңірек, ұқыпты түсініп алыңыз. Сіздің тақырыбыңыз дәл болуы керек. Себебі егер тақырыпты дұрыс түсінбесеңіз сіздің курстық жұмысыңыз нақты шықпайды. Курстық жұмысты жазуда сізге кеңестерін айтатын жетекшіңізбен арнайы бір күнді белгілеп кездесіп тақырыпқа қатысты сұрақтарыңызды қойып алыңыз. Жетекшіңізге қоятын сұрақтарыңызды алдымен дәптерге жазып дайындап алыңыз. Курстық жұмысты безендіруге көп көңіл бөліңіз.

Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен жобамен курстық жұмыс жоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.

 

Курстық жұмысты жазуға қажетті мәлімттерді іздеген кезде кітапхана қызметін пайдаланыңыз. Егер қажет болып жатса мұрағаттар мен мұражай қызметтерін пайдалануыңызға болады. Ол жерлерден сіз өзіңіздің курстық жұмысыңызға қажетті монографияларды іздеп таба аласыз. Сонымен қатар сіздің мамандыңызға немесе пәніңізге байланысты мәліметтерді тікелей ұсынатын арнайы журналдарды алып пайдалануыңызға болады. Өзіңізге ыңғайлы болуы үшін курстық жұмысты жазуға қолданған мәліметтердің тізімін жасап жүріңіз. Жалпы алғанда курстық жұмысыңыздың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін жазған кезде сізге осы жинақталған әдебиеттер тізімі өте жақсы көмектеседі. Пайдаланылған әдебиеттер немесе қолданылған әдебиеттер тізімі 25 дереккөзден тұруы міндетті.


Егер курстық жұмысыңыздың практикалық бөлімі болмаса, онда оны сәйкесінше 3-ке бөлуіңізге болады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспе бөлімінде таңдап алған тақырыбыңыздың маңыздылығын, мәнін, мақсатын толықтай жазып шығыңыз. Осы кіріспе бөлімінде қандай ғалымдардың, авторлардың еңбектерін пайдаланғаныңызды да жазып өткеніңіз жөн. Және курстық жұмысты зерттеу кезінде қандай тәсілдерді қолданғаныңызды жазып өтіңіз. Кіріспе бөлімі 1-2 беттен көп болмауы керек.

Сіздің курстық жұмысыңыздың негізгі тақырыбына байланысты негізгі бөлімді келесідей тұрғызуға болады. Ең алдымен таңдап алынған тақырыпқа теориялық тұрғыдан қарап, тарихына тоқталыңыз. Осы саланы зерттеген ғалымдарды не қызықтырды және олардың ортақ ойлары қандай болды соны жазыңыз. Курстық жұмысты жазудағы сіздің мақсатыңыз тек курстық жұмысты жазып қана қоймай, оған өз ойыңызды қосу. Сіз өзіңіздің салыстыру, таңдау, талдау, өз ойыңызды қорытындылау секілді қасиеттеріңізді көрсетуіңіз керек. Сондықтанда автордың ойы курстық жұмыста толық орын табу керек.

Курстық жұмыстың қорытындысында өз жұмысыңыздың және оның тақырыбының маңыздылығын айтып өтіңіз. Сонымен бірге оны алға қарай дамыту жолдарын көрсетіңіз. Сіздің жазған курстық жұмысыңыздың кімдерге пайдалы болатынын жазып кетіңіз.

Осыдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімін, титул бетін және жоспарыңызды түзетіп безендіріңіз. Сонымен бірге курстық жұмысты тағы бір тексеріп қателерін дұрыстап өтуді ұмытпаңыз.

Дереккөз:http://kenester.kz

Администратор 2019-09-15

Музыка Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру

Мазмұны Кіріспе. I бөлім. Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары. 1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы. 1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері. II бөлімі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру. 2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің, негізгі әдістері. 2.2. Балалар ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту бағдарламасы. 2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. III бөлімі. 3.1. Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие жұмысы моделіне тұжырымдама. 3.2. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Сазды да, сырлы аспаптар. Қолданылған әдебиеттер. Кіріспе Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады. Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз. Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді. Балабақшада іс - әрекет ретінде музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады.Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады.Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар. біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міңдет біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. екіншіден, кез келген балабақшада оқу іс-әрекет, мектептік сабақтың құрылуы негізінде психолог-педогогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы: балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі. үшіншіден, балабақшада, мектепте оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына тән принциптері: тәрбиелеп оқыту,жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану және т.б. Жетекші балаларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Музыка сабағында әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында,мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Адам баласы талантты, не талантсыз болып тумайды.Ол іздену, ұқсау еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен "мен білемін"деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады.Талант иесі ішкі жан тілін сезімге бойлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантқа ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің сонғы көрсеткіші.Аспаптарда ойнау, ән айту, жаттау еңбек нәтижесі.Ал оны үйрету-педогогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласұғын,Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай,Құрманғазы, Махамбет, Ақансері, Біржансал, Мұхит, А.Жұбанов,Н. Тілендиев секілді атақты күйші,әнші, жыршы ағаларымыздың еңбектерін жатқызуға болады. Сырт көзге көрне бермейтін мәні зор ұлттық аспаптарымызда қалыптасқан тәрбие үлгісі, адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратын, оның ұлттық музыка өнерінен таралған тәрбие-білімнің қайнаған бұлағына сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Музыка сабағында музыкалық іс-әрекетерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді әдіс-тәсілдердің бірі болып келеді.Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық әдістер арқылы ұлттық тәлім тәрбие беруде тиімді ізденістермен әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаз,музыка жетекшісінің міңдеті екені сөзсіз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың ұлттық аспаптарын ұстатып, халқымыздың ұлттық әндері мен күйлерін тартқызып үйретсе,нұр үстіне нұр емес пе?.. Қазақтың ұлттық аспаптар негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі-жас бүлдіршіндерді өз Отанының азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын оята отырып, эстетикалық әсемділікке жетелейді. I бөлім Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары 1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы Қазақтың бір туар тұлғасы Мұхтар Әуезов еліміздің музыка өнері жайында "Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй,домбыраның да екі ішекті ғана емес,әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс тарих үшін елеулі бұйым"деген екен. Расында да қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі, халқымыздың бітім болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы.Бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып,ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани-мәдени байлығы. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихы сонау ықылым замандарда ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидің тарихи зерттеу жазбаларынан басталады.Заман ағымына байланысы аспаптар өзгеріске ұшырап, бірде шарықтап, бірде ұмытқалы жатты.Уақыт өте келе аспаптарымыздың қайта жандануына Шоқан Уәлиханов,Ахмет Жұбанов,Әлкей Марғұлан,Өзбекәлі Жәнібек секілді өзге тағы басқа ұлт жанашырлары ықпал етсе,қазақтың түңғыш аспаптанушысы,ғалымы Болат Сарыбаев үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.Музыкалық аспаптар этно-археологиялық және тарихи-этнографиялық тұрғыда зерделегенде олардың дыбыс шығару қасиетімен қоса, халық болмыс салтымен бірге қалыптасқан тұрмыстық құрал ретіндегі ерекшеліктері айқындалады. Олардың басым көпшілігі әубастан музыкалық аспат ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылған құрал,бұйым ретінде пайда болған.Бертін келе олар түрлеріне қарай бөлініп соқпалы-шулы, сылдырлы, үрлемелі, ыспалы, ішекті-шертпелі, көп ішекті, ұрмалы аспаптар болып жіктеледі. Зерттеу жұмыстар нәтижесінде ұлт аспаптар бір жүйеге келтіріліп, бүгінде кеңінен насихатталып келеді. Алғашқыда ел арасында әнші,күйшілер өздеріне қажетті аспаптарын жасап алып, ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берген.Келе-келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспапатары үндік ерекшклігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Өткен заманда ата-бабамыз саз аспаптарын малдың мүйізінен, терісінен, сүйегінен, ішегінен, қылынан, тұяғынан, сонымен қатар саз балшық, ағаш, қамыстан жасаған. Қәзіргі таңда музыкалық аспаптарымыз осы халқымыздың сара жолымен жасалып қолданылуда. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 40 тан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде ұлттық аспаптарды жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты,аңды үркіткенде,бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда, жау келгенде пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыздың үнін сақтап қалғанымен қызыметтік функциясын өзгерткен.Ертедегі тұрмысқа қажет болса, бүгінде ұлттық фольклорлық ансамбль, оркестрлерден орын тапқан. Б.Сарыбаев музыкатануда ежелгі аспаптарды біліп,тауып мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қойған жоқ, сондай-ақ бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне еңдірді.Б.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор себебі, ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады.Ол қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып толығып отырады.Зерттеушінің дербес жинамасы төрт жүзге таман музыкалық аспапты қамтиды, ол сандай-ақ, сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл т.б.халықтық қазақ музыкалық аспаптарының жинамасының иесі. 1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері Музыкалық аспаптардың әрқайсының өзіне тән дыбыс бояуы(тембр), динамикалық мүмкіндігі(ырғағы), белгілі бір диопазоны болады. Музыкалық аспапатардың дыбыс шығару сапасы апаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиеттіне, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. .Қай халықтың музыкалық аспаптары болмасын өмірге жайдан жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына орайласа туындап пайда болған.Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері хайуанаттардың құстардың,желдің дауысына еліктеуден шыққан.Ол "халықтық" және "кәсіби" музыкалық аспаптар болып бөлінеді.Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дауыс ерекшелігі, жасалуы, қолданылуына байланысты мынандай топтарға бөлінеді 1. Шертпелі аспаптар. 2. Ыспалы аспаптар. 3. Үрмелі аспаптар. 4. Ұрмалы-cілкімелі аспаптар. 5. Ұрмалы-соқпалы аспаптар. Аспаптардың жіктелуі Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады. Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды. Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген Сыбызғы - үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсер береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған....

Дереккөзі: www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Педагогика Дидактикалық ойындар

Мазмұны Кіріспе............................................................................................................3 Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі. 1.1 Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі..................................6 1.2 Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны......................10 ΙΙ тарау. Дидактикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту 2.1 Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары..................................................................................................................13 2.2 Дидактикалық ойындардың рөлі.........................................................15 2.3 Мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар жүйесі...................................................18 Қорытынды................................................................................................21 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................23 Қосымша.....................................................................................................25 Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі. 1.1 Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастыра білсе, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Ойын әдістерін қолдана өткізген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланы сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабылдау әрекеттерін кеңету, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсінуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горькийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады»,- дегені мәлім. Дидактикалық ойындардың түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады. Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойынеда ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғаштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті, қажеттерді дамытуға бағытталған ойындардың түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. 1-сынып балалары үшін творчествалық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады Айта кеттетін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағжайға салса шынайы ойындық, яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Мектепке дейінгі балалардың ойнайтын ойын түрлері: 1. Дидактикалық ойындар. 2. Сөздік-дидактикалық ойындар. 3. Рольді сюжетті ойындар 4. Драммалық ойындар. 5. Творчествалық ойындар. 6. Әдеби-музыкалық ойындар. Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ, ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты. Сондықтан да бірінші сыныпта сабақ көбіне ойын ретінде өтіледі. Ойын да оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқаған, естіген білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көз қарасы қалыптасады, творчествалық іс-әрекеттері дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күллі жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекеттеріне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі. Бұл жөнінде психолог профессор А.В.Запоржец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдерімен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймайды, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» десе, Н.П.Крупская: «Алты, жеті жастағы балалар үшін ойын – оқу, олар үшін-еңбек, олар үшін ойын тәрбиесінің елеулі формасы»- дейді. А.С. Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал, айналадағы дүниден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қалай болса, ол кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады»-деп тұжырымдайды. Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы: өзін қоршаған табиғи орта, табиғат отаны туралы, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері – бәрі де оқушының идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді. Оқушының дидактикалық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу де тиімді әдістердің біріне саналады. Мысалы: логикалық есептер, ойын есептерінде жүргізілетін ойындар оқушыларға көптеген септігін тигізеді. Оқушының математикалық тілде көп сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі- сөздік ойындары. Сөздік ойындарын әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша ойын түрлерін жүргізуден басқа «анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер» қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимыл ойындарының да тиімділігі бар. Қимыл ойындар да бала ағзаларын жетілдіріп, ақыл- ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күй артып, жүйкелері жақсарады. Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды күні бұрын дайындауы қажет. Дидактикалық ойындар мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұстану қажет. 1.2 Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны Ойын- баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден- баланың танымдық, шығармашылық, жеке басы қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден- бір әдісі ол ойын. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатын ертеден дәлелденген. Тіпте XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде байқау керек». Балалармен жұмыс істеу ойындарында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланың өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерден шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғнт автоматты түрде қарым-қатынастағы барьерді жылжыту. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді.; өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады. Жеке бастың даму және қалыптасу процесін туынды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салаларда ғалым- педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л.С.Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев,, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Сабиров, Г. Уманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар. Төменгі класс балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғыдай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ығыстырылады. Бала табиғмтынан қимыл- қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала- құлыншақ бал-ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» - деп тегін айтылмаған. Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін- бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады. М.Жұмабаев халықтық педагогтка негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады. 7-8 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысы, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан, бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгеше мазмұнды болады. Шәкірттер енді әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш-қуаты мен іс-қимылын жетілдіретін .....

Дереккөзі:  www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ


Мазмұны КІРІСПЕ............................................................................................................4 1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ 1.1. Парақорлықтың объектісі мен заты..................................................5 2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ 1.2. Пара алудың объективтік жағы.........................................................16 1.3. Пара алудың субъектісі......................................................................50 1.4. Пара алудың субъективтік жағы.......................................................62 ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................66 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.................................................................68 1 ТАРАУ ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ 2.1.Парақорлықтың объектісі мен заты Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. (1) Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған. Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады. Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді. Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г.П.Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В.В.Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Бұл жүйені ең бірінші 1938 жылы В.Д. Меньшагин ұсынды және көптеген жылдар бойы ешқандай күдік тудырмады. Бірінші рет оны Б.С.Никифоров сынады, ал кейінірек басқа да кейбір ғалымдар осы сынға қосылды. Қазақстан Республикасындағы ҚК құрылымы бойынша парақорлықтың топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы ҚК бұрыңғы 13 бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған. Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда – жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр. 1997 жылғы Қазақстан Республикасында ҚК қабылдаудан көп бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады. Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді. Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта: а) мемлекеттік билік органдары; б) мемлекеттік мекемелер; в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар. Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады. Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады. Парақорлықтың заты. ''Пара'' белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді. Ғалымдардың көпшілігі ''пара заты'' жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға – пара заты болып табылады. Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар ''қылмыс заты'' деген ұғымымен ''пара заты'' деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады. Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды. Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В.Я.Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады. Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. ''Пара'' объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты,кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды. ''Пара заты' терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе ''парақорлық мәселесі'' деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан дүрыс болған болар еді. ''Пара тәсілі'' деген терминді тек қана , егер ''пара'' сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И.Я.Козаченконың ''пара'' термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс. Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы,парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек. 1884 жылы өзінің ''Паралап сатып алу жайлы'' атты еңбегінде неміс ғалымы А.Фейербах пара затына ''жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін'' - деп пікі 2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ 1.2. Пара алудың объективтік жағы Пара алудың объективтік жағының мазмұнын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор. Атап айтқанда бұл келесі жағдайда көрінеді: а) қылмыстың объективтік жағы осы қылмыс пен оның белгілері ұғымын анықтау үшін қызмет етеді; б) объективтік жақ қарастырылып отырылған қылмыстың ерекшелігін береді және оны басқада ұқсас қылмыстардан ажырату белгілерін айқындайды; в) көптеген жағдайларда қарастырылып отырылған қылмыс тәртіптік құқық бұзушылықтан объективтік жағының белгісі бойынша ерекшеленеді; г) кейбір жағдайларда объективтік жақ іс-әрекетті саралауға ықпал етеді және сонымен қатар іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін бағалауға да ықпал етеді. Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. ''Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дәйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті және заңсыз қол сұғу процесі болып табылады және бұл субъектінің қылмыстық әрекетінен басталып, қылмыстық нәтижеге жетумен аяқталады''. Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-әрекет, қылмыстық салдар және қылмыс пен салдар арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-әрекетiнiң болуы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген. Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едәуір жетілген, бірақта оның кейбір мәселелері қылмыстық құқық теориясында, сот тәжірибесінде әлі күнге даулы болып табылады. Пара алу құрамынан объективтік жағынан бірнеше белгілерi бір жүйеге келтірілген онша дау туғызбайды, соның бірі –параны адамның осы делдал арқылы алу. Соның бірі парақор адамның өзі неемсе делдал арқылы алу. Бұл екі жағдайда да “іс-әрекетте қылмыс құрамы орын алады. Сондай-ақ пара субъектісі болатын адамның пара үшін жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі деген ұғымда онша даулы емес, сот тәжірибелерінде бұл мәселеде көп қиындығы жоқ, яғни әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғым лауазымды адамның пара алуға байланысты белсенді немесе енжарлық қимылын бейнелейтінін түсінеміз. Параны алудың ашық немесе көмескі түрлерді де онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-әрекеттер (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз беру және т.б.) Заңның лауазымды мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның параны ''пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті '' ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарын мүддесі сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр. Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тәжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бәрі пара үшін жасалатын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің мәні мен мазмұнына байланысты болып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып төмендегі жағдайларға байланысты алады: а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау; б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-әрекеттерді өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру; в)жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол беру. 2.3. Пара алудың субъектісі. Мемлекеттік қызметпен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мәселелерден көрінеді: Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды; Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді. Пара алу құрамын талдау осы қылмысчтық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға келуге негіз бар. Олар: Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар; Мемелекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер; Лауазымды адамдар; Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрыңғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сәйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарға өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мәслихаттарының депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекет қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады. Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мәслихаттарының депуттатығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сәйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едәуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай ......
Дереккөзі:  www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Мазмұны КІРІСПЕ 1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері 1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау 2. ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны 2.2. Сөздік жұмысының жүргізілуі ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Қазақ тілін оқытудағы тіл дамыту әдістемесін жетілдірудің теориялық негіздері 1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері. Орта ғасырлық ұлы ғалым Ж.Баласағұн «Құтты білік» поэмасында тіл өнерінің қасиетін және оның пайда зияны туралы былай дейді: «Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Қор қылар тіл кетер тұғын бас болар. Тіл арыстан есік баққан ашулы, Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды» Бұл сөзде тіл қасиетінің өміршеңдігін, оның адам өміріндегі мәнін, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін зерделейтін үлкен философиялық ой жатыр. Тіл сонымен қатар ақыл ойдың да көрінісі. Сол себепті де тілдің әлеуметтігі туралы тезис оынң мәдениетпен диалектикалық бірлігін танытады. Бұл жерде тағы да халықтың мұрасы «Құтты білікке» жүгінгеніміз өте орынды болар: «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз» дейді Баласағұн. Мұнда тілдің жақсы иінез құлықпен мәдениеттіліктің юелгісі екеін танытатын философиялық ой жатыр. Сонымен тіл адамзат қоғамымен туылып., онымен бірге дамып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ал оның қоғамдағы негізгі қызметі коммуникативті қызметі болса, қазіргі уақытта юұл қызметтің ауқымы кеңеюде. Қоғамның әртүрлі саласында тілдік белсенділікті қажет ететін мамандық түрлері заман ағымына сай ғылыми және публистикалық стильді талап етеді. Сондықтан, оқушылрадлы осы кезден тіл сабақтарнда оқытылатын теориялық білім беру мен тіл дамыту жұмысын мазмұнды жүргізу арқылы стильдің әрт.рлі түрлерімен сөйлеуге үйрету керек. Тіл сабақтарынан білім беру мен тікелей тіл дамыту жұмысын жүргізу оқушылардың логикалық ойын, дүниетанымын, сөз байлығын, сөйлеу мен жазу тілін, әдеби нормада қалыптастыруды көздейді. Ол ана тілдің табиғатын терең түсініп, грамматикалық заңдылықтарын терең игеру деген сөз. Қазақ тіл оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты оқушыны ойын ауызша және жазбаша грамматикалық, стилистикалық жағынан дұрыс жеткізе білуге үйрету. Қазақстан Респуликасы Ғылым Академиясының оқу ағарту саласымен жогғарғы оқу орындарының бір топ ғалымдары жасаған «Қазақ орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасында» оқушының тіл мәдениетін жетілдіру білімінің қосарлана ену принципіндегі негізінде басқа пәндерді оқыту мазмұнына енуі қажеттігі жөнінде былай делінген: «Тіл мәдениетін жетілдіру тек тіл процесінің міндеті емес. Ана тілі жеке курс ретінде беріліп қоймай, басқа пәндердің барлығында өзінің әдеби тілінің шұрайлылығымен, ғылыми тілінің кең ойлы өрнегімен енуі шарт. Мектептің білім сапасын мазмұнын анықтауда үлкен методологиялы мәні бар бұл принциптің іске асуы жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани байлығына сусындап өсуіне, тілін сауатты меңгеруіне ықпал етер еді. » Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі компоненттерінің бірі тіл дамыту проблемасын шешу міндеті ең алдымен, тілге, қоғамға араласудың құралы деп қараудан туындауы тиіс. Тілді бұл сипатта жұмсауда оқушыны дағдыландыруы үшін оның коммуникация құралы екендігін анықтайтын білімді оқыту процесінің барлық сатысында басшылыққа алып отыру қажет. Бала тілі дамуының психологиялық негізін зерттеген ірі психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше жүгінсек, «Адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс тілі шықпаған кішкене сәбидің әрекетінен-ақ байқалады екен. Өзіне төнген үлкен адамның бет әлпетін көріп, сәби қозғала бастайды: басын, қол аяғын қимылдатады. Демек, үлкен адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс баланың өз ойын жүзеге асрыруға деген тілегінен туады екен. Сәби тамақ ішкісі келсе, ыдыса қолын созады. Мұнда өзін өзі басқаруға деген ұмтылыс бар, бірақ, оның сыртқа шығу формасы адамның физиолоиялық ерекшелігімен байланысты болып отыр. Әрі қарай аламның ақыл ойы толысып, есейген шағында оның тілі коммуникацисының бірінші сатысында қызмет атқарады. Бұл бірінші сатыда адам өзін сөзі арқылы таныта бастайды: оған әлеуметтік ортаның назары ауа бастайды. Өзіне аударылған тиімді, қажетті мақсатына сәтті пайдалану үшін енді жеке тұлға коммуникативтік процестің қалған үш аспектісін (информативтік, эмотивтік, фативтік) дереу іске қосу керек. Тұлғаның әлеуметтік ортаның сеніміне ие болуы өзіндегі басқарушылық аспектіні коммуникатвтік процестің қалған үш аспектісімен қаншалықты дәрежеде шебер ұштастырумен байланысты, сондай ақ адамдардың коммуникативтік қабілеті айналасындағы адамдармен күнделікті тұрмыста ғана қарым қатынас жасаумен ғана шектеледі.» Біз тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын зерттеу жұмысымызға объект ретінде алынған жай сөйлем синтаксисінің ішінде жетілдіреміз десек, жай сөйлем синтаксисінің лингвистикалық мүмкіндіктерін терең зерттей отырып, оны тіл дамыту әдітемесіндегі коммуникациялық, информативтік және эмотивтік қызметтерін анықтайтын аспектілерін оқушыларға таныту қажет деп таптық және әдістемеміздің мазмұнын да осы негізге құрдық. Дәлірек айтқанда, жай сөйлем синтаксисінің тілдің: коммуникатвтік қызметтеріне тұтқа бола алатын лингвистикалық тұстарын методикалық аспектіде бір бірімен байланстыру деп тұжырымдауға болады. Тіл дамыту әдістемесінің жай сөйлем синтаксисін оқытудағы мазмұнын белгілеу үшін оның алғы шарттарын анықтап алу қажеттілігі туып отыр. 1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау Қазақ тілінің грамматикасына қатысты мәселе сөз болғанда қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, әрі қарай оқуын жалғастыруына көп күш жұмсаған, тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан, зерттеуші, әрі сол зерттеудлерінің негізінде «Әліппемен» тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған ғалым А.Байтұрсыновтың есімін еске алмау мүмкін емес. Қазір қолданып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, шылау, үстеу, бастауыш, баяндауыш, септеу, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды ойлап тауып, ғылыми бір ізге салған, қазақ алфавитін жасап, оның фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін ғылыми лингвистика дәрежесіне көтерген А.Байтұрсынов сөз өнерін доғары бағалап, сөйлеу мәдениетіне ерекше мән берген адам. «Біздің заманымыз жазу заманы... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір бірімен қиындасып, жалғасатын жүйесін білуге керек», деп жазған ғалым сөз қадірін, оның қасиетін тануды меңзейді. А.Байтұрсынов баланың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың мәнін түсіне барып, жұмсауға үйрету керек деген принципті қолдайды. Оның «Баяншы», «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбектері мен «Қай әдіс жақсы», «Бақылау, әдіс», «Жалқылау, жалпылау әдісі т.б.» мақалаларында осы туралы айтылады. Мысалы, «Тіл жұмсар» атты еңбегінде оқушының тілін дамытуда оның дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай жаттығуларды ұсынады: а) Төмендегі екі сөздің арасында берілген бір төл сөзді қайсысына теліп айтуға болады. Шылғау піскен Боз тас Ат қалың Байтал деп Сұр Үрді Ет ит Бөрі ақ Ақ Үн Аш естілді Бұл мысалдан қисынды сөз тауып, сөйлей білуге үйретуде сөйлеу жүйесіне назар аударту, ойды білідіруде реттілікті, тиянақтылықты сақтауға дағдыландыру мақсаты байқалады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым ретінде жүйеге түсіп, дами басталысымен, тіл дамыту мәселесі де үнемі сөз болып келеді. Бұл мәселеге біздің ғалымдармыз Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысынан кейін көңіл бөле бастады. Бұл тұс қазақ ұлттық тіл білімінің Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев сияқты өзінің көрнекті өкілдерімен танылған тұсы еді. Жұбановтың «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан» деп аталатын классикалық зерттелімінде әлі құнын жоймаған ғылыми деректері мол. «Автор қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болумен бірге дағыдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Мысалы, ұзақ күн дегенмен, күн ұзаққа тіркесінің де тілімізге жат емес». Қ.Жұбановтың сөз тіркесінің семантикасын аша отырып, оны қолдану заңдылығын түсіндірген ғылыми тұжырымдарының біз үшін құндылығы сонда, кейбір тілдік конструкцияларды тек компоненттерінің орынын өзгертіп, мәнін өзгертпей жұмсай қандай әдістерді қолдануға болатындығы турады бағыт береді. Бұл кездері көрнекті әдіскер ғалымдар С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаевтардың қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын оқытумен бірге, тіл дамытуға арналған еңбектері де жарық көрді. Мысалы, С.Жиенбаев тіл дамыту жұмысын бірнеше түрге жіктей отырып, оның ішінде оқушыға жаңа сөздің мәнін түсіндіретін сөздік жұмысын ерекше атайды. Ал, Ғ.Бегалиев болса, бастауыш сыныпта жүргізілетін сөздік жұмысын сегіз түрге бөліп, оның әрқайсысын өз ерекшеліктерімен оқушыға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіруге пайдаланады. Оқушыларға өзінің ана тілінде дұрыс сөйлеудің үлгісін үйрету әдістерін іздестіруде ұлттық мектептің балаларынң тіліне қазақ тілін меңгерту үшін қандай талаптар қойылу керек екені туралы сұраққа жауап беру мақсатында әдіскер ғалым Ж.Адамбаевтың «Орыс мектептерінде қазақ тілін оықтудың кейбір мәселелері» атты еңбегімен таныстық. Оған қазақ тілін оқитын оқушыларға тілді меңгеру үшін мынадай талаптар қойылған: 1. Оқушының тілі мазмұнды болуы талап етіледі. Айтылатын сөз, сөйлемін алдымен ойлап барып айту керек. Мәтіннің мазмұнын айтқанда ойына келер сөз бен сөз тіркесін айта салмай, ойланып айтқан жөн. 2. Сөйлемді дұрыс құра білу шарт. Сөйлем құрар кезде тілдің грамматикалық заңдылығын білу сөздердің орын тәртібін меңгеру қазақ дыбыстарын дұрыс үйрету деген сөз. 3. Айтатын ойын дәл, анық жеткізуі шарт. Сөздік қоры бай болса, соғұрлым ойын анық айтады. 4. Оқушының сөзі анық, ойы айқын, түсінікті болуы шарт. Бұл шартты орындау үшін, сөйлемдердегі сөздердің орынына сөз таңдай, сөз байлығы, ойының түсініктілігі т.б. тығыз байлансты. 5. Артық бөтен сөздердің болмауы немесе аз болуы. Сондай ақ тіл дамыту жұмыстарының түрлі саласымен тығыз бірлікте болады. Оқушы қазақ сөздерін әрбір дыбысты, сөзді айқын айтуы, бірқалыпты дауыспен оқуы, буынға екпінді түсіруі, мәнерлеп оқуы керек. Бұдан мынадай қорытынды шығады: Бала қай тілде сөйлесе де, оның тілін дамыту ойлау қабілетімен, сөздік қоры, байланыстырып сөйлей білу дағдыларымен тығыз бірлікте қаралуы тиіс. Тіл дамыту мәселесімен жүйелі айналысқан ғалым С.Рахметова оқушылардың ойы мен тілін дамытудың маңызыды шарты деп, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмысты атайды. «Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай сөздік жұмыстарын балалардың өз өмірінен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Психологтардың айтуынша сөздік жұмысының методикасындағы талап сөзбен оқушылар санасындағы бейнені түрлі жолдарымен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бен бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды, дей келе, автор сөздердің мағынасын ашып түсіндірудің мағынасын былайша жіктейді: 1. Затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия ұйымдастыру; 2. Заттың өзін немесе суретін түрлі картиналар көрсету арқылы сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру; 3. Синоним сөздерді қолдану; 4. Сөздерді морфологиялық құрамына қарай талдау; 5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі; 6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрыстан мысалдар келтіріп, әңгіме айту керек. 7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бұл талғанган еңбектерді оқи отырып, оларда негізінен қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысының принциптері талданып, оқушы тіліне қойылатын талаптары айқындалып, дидактикалық материалдардың үлгісі берілгендігін, психолингвисткалық тілдің қолдану аспектілері туралы білімге негізделіп, ғылым жүйеге түскен, мектеп тәжірибесінде сынақтан өтіп, сұрыпталған тіл дамыту әдістемесінің жоқ екеніне көзіміз жетті. Тіл дамыту жұмысының теориялық концепциясы ХІХ ғасырда ғалымдар Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский, К.Архангельский, А.М.Пешковский, К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде жазылған. «Грамматикалық білімді сауатты пайдалану оқушылардың тілін дамытуға жақсы әсер етеді және оның дарынына үлкен күш береді» дей келіп, тіл дамытудағы маңызды фактор оларжды шығ,арма мен мазмұндама жазуға үйрету деп есептейді. Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский: «Бала күнде естіп жүрген сөзінің мағынасын жетік біледі екен деп сене беруге болмайды. Сондықтан, түсініксіз сөздерді іріктеп тауып, олармен сөздік жұмыс жүргізу керек», деп , тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда ең әуелі бала сөзінің мағынасын жетік түсінуіне мән беру керектігін тұжырымдайды. Н.И.Жинкин: «Тіл дамыту поцесінде сөздерді іріктеуі және бір біріне құрау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Сөзді дұрыс іріктеу жеткілікті дәрежедегі сөздік қорға байланысты дей келе, баланың ойын жеткізуде қиналуының бір себебі, оның жедел тілдік жадының жетілмеуінде жатыр», деп түсіндіреді. Тіл дамыту жұмысының психологиялы негізін зерттеуші ғалым В.Е.Мамушиннің айтуынша, көптеген мақалалардың авторлары оқушылардың құрастырған мәтіндердің негізінде олардың тән кемшіліктерге классификация жасап ұсынғанын айтады. Бала психзологиясын зерттеген ғалым Д.Б.Элькониннің еңбектерімен тіл дамыту психологиясы туралы құнды пікірлер табуға болады. Оның айтуынша, бала сөзді алты айынан бастап түсіне бастайды екен. Дыбысталған сөз бен заттың арасындағы байланысты сезетін болады. Тоғыз, он ай тола бастағанда үлкеннің айтуымен біраз қимылдар жасайды: қолын ұсынады, әпер деген ойыншықты әпереді, көрсет деген нәрселерді көрсетеді. Зат атауларын баланың ойында шоғырлануы мынадай тәртіппен жүзеге асады: алдымен сәби өзін қоршаған заттардың атын түсіндіріп, сосын үлкендердің аттарын, киім аттарын, дене мүшелерін атайды. Бұл процесс бір жастан бір жарым жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Екі жасқа келгенде айналадағы заттардың атауларына байланысты барлық сөздерді меңгертіп алатын көрінеді. Әсіресе, белгілі бір нұсқаумен, айтумен орындалатын әрекеті, іс қимылы ғалымдарды қызықтырса керек. Сондықтан олар баланың қимылды меңгеруін мынадай үш сатыға бөледі. Айтылған сөзге реакцияның болмауы; Қимылды дұрыс орындау; Қимылдың күрделенуі және оның модификациясы. Ғалымдар үлкендер тарапынан айтылған сөздің инстркуцясын дұрыс түсінуін сәби үшін соған сәйкес қимылды көрсетуде маңызы зор екенін айтады. Сөздің құрылысын түсіну бала мен үлкеннің арасындағы қатынастың маңызды шарты. Бұл құбылыс біртіндеп, баланың айналасындағы заттармен байланысты іс әрекет, қимылының өзіндік тәселдерін үйренуге ықпал етеді. Екі үш жасқа келгенде сәби өзінің іс қимылын ұйымщдастыруға бағытталған үлкеннің сөзін түсініп қана қоймай, ол енді әңгімені, ертегі, тақпақтарды тыңдап, түсіне бастайды. Л.С.Славинаның зерттеулері бойынша баланың мазмұнды сөзді түсінуіне қол жеткізуі үшін арнайы педагогикадық жұмыс жүргізуді міндеттейді. Тек қана шағын әңгемелер арқылы бала қарапайым адамгершілік қағидаларды қалыптастыруға болады екен. Мұның барлығы үлкеннің сөзінің тәрбиелік мәнін көтеруді, оған мән беруді талап етеді. 2. Тіл дамыту жұмысының әдістемесі 2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны Тіл дамыту қазіргі мектептегі оқу тәрбиесіндегі басты проблема. Тілмен сөйлеу процесін дифференциалды қалыптастыра оқыту. Өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөліп отыр. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясымен сөйлеу практикасын бір бірімен қарым қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілін оқыту барысында мұғалім оқушыынең ойын логикалық жағынан дұрыс, анық әдеби тілдің формасына сай, грамматикалық, лексикалы, орфографиялық нормасына сай айта білуге үйретумен бірге ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуга жаттықтырады Әр мұғалім қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын творчестволық мәнде дұрыс ұйымдастыра білсе, оқушының сөздерді жан жақты үйренуіне ауызекі сөйлеуіне жағдай жасайды. Қай тілдің болса да өз алдына жеке тіл екенін оның негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы ғана айқындай алады. Сөздік қор мен сөздік құрам грамматиканың қарауына түспей тұрғанда, тек қана тіл материясы болып есептелінеді. Ал олар грамматиканың қарауына енген соң, ойдың шындығы, қарым-қатынас құралы бола алады. Грамматиканың арқасында тіл адамның ойын білдіре алады. Жалпы білім беретін мектеп программасында тіл дамыту жұмысына арнайы орын берілді. Программада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқышыларының жас ерекшелігіне қарай, балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой өрісін жетілдіру мақсаты көзделген. Тіл дамыту жұмысын ұйымдасытырудың негізгі мақсаты оқушының ауызша және жазбаша грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Тіл дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізіледі: мәдени, әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету, яғни рфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы сөздік қорын байыту. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синактсистік лексикадан мәлімет беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі. Міне, тілді дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастылырып, іске асырылады

Дереккөзі:  www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Математикалық ұғымдар

Мазмұны І. КІРІСПЕ........................................................3 Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды оқытудың маңызы 1.1. Математикалық ұғымдар туралы түсінік........................................7 1.2. Математикалық ұғымдар туралы ғылымның даму тарихынан қысқаша сипаттама.............11 1.3. Математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері................15 ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды үйрету құралы ретінде оқытудың әдістемесі 2.1.Бастауыш мектепте математика сабағын оқытудың мүмкіндіктері.....................20 2.2. Математика сабағын оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың рөлі мен орны......24 2.3. Бастауыш сыныпта математика сабағында математикалық ұғымдарды оқыту әдістері мен тәсілдері..............................................27 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................31 КІРІСПЕ Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қайсы саласын алсақ та, математикалық білім жүйесініңі қолданылмайтын жері жоқ деп айтуға болады. Мысалы, физикада, биологияда, географияда, космосты игеруде және тағы басқа ғылымдар саласында математика қажетті құралдардың бірі. Сондықтан математикалық білім көзінің бастауы, бастауыш сыныптардан басталатын математикалық білім жүйесіндегі ұғымдардың алатын орны ерекше. Бастауыш сыныпта математика пәнін оқып үйренуде оқушылар әр түрлі ұғымдармен танысады: а) математикалық объектілердің ұғымы (нөмірлеу, сан, разряд, класс, «жиын», үшбұрыш, периметр, т.б.); ә) қатынас ұғымдары (сандардың 2-ге, 3-ке және т.б. бөлінгіштік, артық, кем немесе тең қатынастары және т.б.); б) амалдар ұғымы (қосу, азайту, көбейту, бөлу). Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауы осы үш түрлі ұғымдар және олардың арасындағы байланыстар бастауыш математика курсының теориялық мазмұнын құрайды. Сондықтан оқушылардың негізгі ұғымдарды жоғарғы деңгейде игерулерін қамтамасыз ету маңызды іс болып табылады. Математикалық ұғымдарды оқып-үйренуде, ұғымдардың берілу және даму кезеңдері жүйелі өтілгенде ғана оларды оқушылар толық меңгереді деп айта аламыз. Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанов, Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда. Математикалық ұғымдарды дамыту мен оларды оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету мектеп математикасын оқытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ал бұл міндет мектеп математика курсының басты ұғымдарын саналы және баянды түрде таразылауды, соның негізінде көптеген дидактикалық міндеттерді шешуге болатын математикалық ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз етуді, оларды оқушыларға оқытып-үйретудің тиімді жолдарын анықтауды қажет етеді. Ж.И. Икрамов оқушылардың математикалық білімді игерулерін сабақтаса байланысқан үш сатыдан:а) қабылдау, түсіну, түсінік, ұғыну, есте сақтау; ә) жалпылау, жүйелеу; б) қолдану сатыларынан құралады деп есептейді және бұл сатылар дидактиканың дамыту қағидасына сәйкес жүргізілуі керек дейді. Ұғымдарды оқушылардың саналы және терең меңгеруін қамтамасыз еткенде ғана әр пәннің өз бағдарламасында қамтылған материалдарын толық оқып-үйренеді, тек сонда ғана шындық дүниесін өз тұрғысында қабылдап, өз бетінше шығармашылық ой қорыта алатын болады. Бағдарламалардағы және оқулықтардағы енгізілген кейінгі жылдардағы өзгерістер математика әдістемесін, оның ішінде математикалық ұғымдарды оқыту әдістемесін қайта қарауды және жетілдіруді қажет етеді. Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына математикалық ұғымдарды оқыту. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларына математикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселелері. Курстық жұмыстың зерттеу пәні: бастауыш сынып оқуышларына математикалық ұғымдарды қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау. Курстық жұмыстың міндеттері: - Математикалық ұғымдар туралы түсінік; - Математикалық ұғымдар туралы ғылымның даму тарихынан қысқаша сипаттама; - Математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері; - Бастауыш мектепте математика сабағын оқытудың мүмкіндіктері; - Математика сабағын оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың рөлі мен орны; - Бастауыш сыныпта математика сабағында математикалық ұғымдарды оқыту әдістері мен тәсілдері. Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша математика, педагогика ғалымдардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы» заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; «Кәусар бұлақ» бағдарламасы; «Атамекен» бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған. Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды. Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, бастауыш мектепте математикалық ұғымдарды үйрету мәселелері және оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді. «Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды оқытудың маңызы » деп аталатын бөлімде математикалық ұғымдар туралы түсінік, математикалық ұғымдар туралы ғылымның даму тарихынан қысқаша сипаттама және математикалық ұғымдардың дидактикалық негіздері қарастырылады. «Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды үйрету құралы ретінде оқытудың әдістемесі» деп аталатын бөлімде бастауыш мектепте математика сабағын оқытудың мүмкіндіктері, математика сабағын оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың рөлі мен орны және бастауыш сыныпта математика сабағында математикалық ұғымдарды оқыту әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Бастауыш сыныптарда математикалық ұғымдарды оқытудың маңызы 1.1. Математикалық ұғымдар туралы түсінік Педагогика ғылыми ұғымдарды олардың таным үрдісіндегі гносеологиялық және психологиялық маңызына сүйене отырып, білім мазмұнының басты құрылымдық бірлігі ретінде анықтайды. Ұғым шындық дүниесін біржақты ғана бейнелемейді, объектілердің жалпы маңызын ашып көрсетеді, заттың елеулі қасиеттерін анықтаумен қатар, жалпы мен жалқының, нақты мен абстрактінің бірлігін, белгілі бір ғылым саласының даму нәтижесін, оның көп уақыт тырнақталып жиналған қорытындысын түйіндейді. Ұғым қарастыратын объектінің, құбылыстың соған ғана тән ерекше қасиетін сипаттайды. Мысалы: 1) Адам сөйлей алатын омыртқалылар тобының мүшесі; 2) радиус – шеңбер центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Ұғым – зерттелінетін объектінің жалпы, сонымен бірге маңызды белгілері, негізгі ой түйіні болатын барлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар. Ұғым - өте күрделі логикалық және гносеологиялық категория. Ол біріншіден, жоғарғы материяның жемісі, екіншіден, ол шындық дүниесін бейнелейді; үшіншіден, жалпылау құралы; төртіншіден, ұғымның қалыптасуы сөзбен, жазумен және белгілеулермен тығыз байланысты болады. Сонымен ұғым – ойлаудың жоғарғы түрі, шындық дүниесін сипаттайтын «қару» болып табылады. Оқыту үрдісінде математикалық ұғымдардың пайда болуы мен құрылымы, олардың материалдық дүниенің заттарымен, құбылыстарымен байланысын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Мұғалім бұл күрделі методологиялық мәселені шешу нәтижесінде оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастырады. Математика ақиқат (шындық) дүниенің белгілі бір жағы болып табылатын мөлшерлік қатынастар және кеңістіктік формалар, абстрактілі объектілер мен олар туралы ұғымдарды зерттейтін ғылым екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Кез келген ұғым, оның ішінде математикалық ұғым да, табиғатта бар заттардың елеулі белгілерін абстракциялау арқылы пайда болады. Бірақ математикалық ұғымдар заттар мен құбылыстардың нақтылы мазмұнын елемей, олардың барлығына ортақ мөлшерлік қатынастар мен формаларды ғана бейнелейді. Академик Ә. Нысанбаевтің сөзімен айтқанда «математика заттардың өзін емес, сол заттардың бейнесі болатын белгілерін және абстрактілі құрылымы мен функцияларын зерттейді. Математика абстрактілі объектілермен тікелей қатынаста болады. Бірақ материалдық объекті мен математикалық объектіні шатастырмау қажет. Математикалық объекті материалдық объектінің дәл өзі емес, оның күрделі абстракция нәтижесінде пайда болатын көшірмесі, бейнесі, яғни абстрактілі объект (нүкте, түзу, сан, жиын, топ, функция, оператор, құрылым т.б.) Айталық, бөлмедегі орындықтардың санын есептейтін болсақ, біз олардың түсіне, сапасына көңіл аудармаймыз, санына ғана көңіл аударамыз. Қанша адамға орындық керек, қаншасы бар, қаншасы жоқ, жетпейтіні қанша? – соны білуге ұмтыламыз. Басқа заттарды санағанда да олардың физикалық қасиетіне назар салмастан тек олардың санын білуге тырысамыз. Сондай-ақ қандай да бір ыдыстың сыйымдылығын анықтау қажет болса, ол ыдыстың қандай материалдан жасалғанына мән бермей, оның пішінін ғана ескереміз. Екі қаланың ара қашықтығын есептегенде қалаларды нүкте, керулі тұрған жіпті түзу сызық ретінде қарастырамыз. Жіптің жуандығы немесе оның қандай материалдан ширатылғандығы ескерілмей қалады. Осылайша абстракциялау нәтижесінде математикалық ұғымдар пайда болады. Табиғи ғылымдардан математиканың айырмашылығы, оның ұғымдарының бірнеше сатылы (кемінде екі сатылы) абстрактілігінде. Адам өзінің санасында бірдей сипатқа ие болатын бірнеше объектілерді біріктірсе және осы заттар класын бір атпен атайтын болса, (мысалы, кітап, қой, жылқы), онда ол абстрактілі ұғым алғаны. Сонда бұл ұғым абстракциялаудың қарапайым түрі – бір деңгейге салып абстракциялау (немесе бірдейге саю) нәтижесінде пайда болады. Абстракциялаудың осы түрінің жәрдемімен алғашқы математикалық ұғымдар пайда болады. Олардың ішіндегі ең бастысы – сан ұғымы. Мысалы, бала үш элементтен тұратын, әртүрлі заттарға (үш ойыншық, үш алма, үш саусақ) бақылау жасай отырып, өзі бұрын естіп жүрген «үш» сөзі мен заттардың саны арасындағы сәйкестік бар екендігін ұғынады. Сонда үш элементтен тұратын әр түрлі барлық жиындарға тән, олардың мөлшерін білдіретін «үш» саны туралы ұғым пайда болады. Математикалық ұғымдар пайда болатын абстракцияның тағы бір түрі – идеализация абстракциясы. Өлшемі жоқ нүкте, қалыңдығы жоқ сызық т.б. алғашқы геометриялық ұғымдар абстракцияның осы түрі негізінде келіп шыққан. Жер бетінде әр жаққа тартылған жіп немесе сым темір, дәптер бетіндегі сызық тағы басқаларды біз бір класқа біріктіріп қана қоймаймыз, санамызда идеалды «сызық» ұғымының бейнесін жасаймыз. Сонымен, «сызық» сөзі заттарды белгілі бір класқа жатқызумен ғана шектеліп қоймай, идеалды бейнені жасаумен де байланысты болады. Бізді қоршаған дүниеде үш қой, үш ағаш, т.б. ұғымдар бар, бірақ онда математикалық сызық ұғымы жоқ. «Сызық» ұғымы заттардың ортақ қасиеттерін жалпылаумен бірге , ол ортақ қасиеттерді идеалдап тұр. Математикалық ұғымдар осылайша пайда болғанымен, математика үшін нақтылы да болып табылады. Енді математикалық ұғымдарды олардың жалпы сипаттағы белгілер бойынша біріктіріп тағы да бір, екінші рет абстракциялаймыз. Мысалы, барлық төртбұрышты фигураларды қарастыра отырып, олардың қандай да белгілері бойынша параллелограмм, тіктөртбұрыш, квадрат ұғымдарына көшеді. Бұл тағы да бірдейге саю абстракциясы болып табылады. Бірақ бұл жерде материалдық дүниенің заттары емес, қалыптасқан абстрактілі математикалық ұғымдар біріктіріледі. Математикалық ұғымдардың басты ерекшеліктері олардың шындық дүние заттарын тікелей емес, жанама түрде бейнелеуінде. Қазіргі математиканың маңызды ұғымдары болатын топ және өріс, векторлық кеңістік т.б. – көп сатылы абстракциялау нәтижесі. Көп сатылы абстракциялау нәтижесінде пайда болған математикалық ұғымдарды өмірде қолдануға болмайды деген жаңсақ пікір тумауы керек. Кемінде екі рет абстракциялау кезінде пайда болатын көлем ұғымы біздің күнделікті тіршілігімізде кең түрде қолданылады. Ал топ, өріс, көп өлшемді векторлық кеңістік т.б. ұғымдар ғылым мен техникада қолданыс табуда. Ұғымның негізгі мінездемелері ретінде: а) ұғымның мазмұны; ә) ұғымның көлемі; б) ұғымның басқа ұғымдармен қатысы және байланысы қарастырылады. Ұғымның мазмұны деп ұғымдар класына жататын барлық объектілерге тиісті елеулі белгілердің жиынтығын айтады. Ұғымның көлемі – берілген ұғымдар класына жататын барлық объектілер жиынтығы. Мысалы, үшбұрыш ұғымының мазмұны «бір түзуде жатпайтын үш нүкте және оларды қос-қостан қосатын үш кесінді», яғни үш қабырғасы, үш төбесі және үш бұрышы бар фигура болса, оның көлемі мүмкін болатын барлық тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр қабырғалы үшбұрыштар бола алады. Ұғымдарды оқушылардың саналы және терең меңгеруін қамтамасыз еткенде ғана әр пәннің өз бағдарламасында қамтылған материалдарын толық оқып-үйренеді, тек сонда ғана шындық дүниесін өз тұрғысында қабылдап, өз бетінше шығармашылық ой қорыта алатын болады. 1.2. Математикалық ұғымдар туралы ғылымның даму тарихынан қысқаша сипаттама Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай бастауыш мектептің оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа

Дереккөзі:   www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Психология Баланын ойын әрекеті және оның түрлер

Мазмұны Кіріспе......................................................................................................................3 І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын 1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері............................................4-9 1.2. Ойынның ерекшелігі.................................................................................10-12 1.3. Ойынның психологиялық даму теориясы..............................................13-20 ІІ Тарау Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу 2.1. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту...............................21-24 2.2. Балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту..................25-26 2.3. Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері............27-29 Қорытынды..........................................................................................................30 Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................31 Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының призденті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компбютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. Демек, бүгінгі күні технология психологияны оқытуда мектепке дейінгі жастағы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында балада ойын әрекеті және оның түрлері арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты дамытуда басты құрал болып саналады. Зерттеудің мақсаты. Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу. Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын. - Таным процестерін дамытатын ойын түрлері; - Ойынның ерекшелігі; - Ойынның психологиялық даму теориясы; - Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу; - Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту; - балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту; - Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері; Зерттеудің теориялық қолданымы. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі. Зерттеудің практикалық қолданымы. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын 1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері Баланың өмірге кадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендерің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі максаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойны мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын-жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасындаайырма шамалы деген тұйін жасайды. Өйткен», әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайратжұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмағанойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыста көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген тусінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады: a) Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді. ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілтіреді. б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. в) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танам-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарды тек балаларымыз ды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағаланған. Қазір бізге жеткен ұлт-ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар – балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер-жігіттердің ең алдыменұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», Ақ сүйек», «Тоғыз құмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойыдарының ғасырлар бойы өмәр сүргендінін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтыны «Ақ сүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа. Ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрін – «он бір қара жұмбақ» деп атайды. Оның басты ерекшелігі есеп сұратарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», және тағы басқа тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептеліген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап бала психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес. Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шындыққа, ептілікке баулу, шапшаңдыққа, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кз-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз билігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа, ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай білсін! Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар. 2. Қәйта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар. 3. Қайта жасау іс-әрекетін жузеге асыруға бағытталған ойындар. 4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындәр. 5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. Бүгінгі таңда қоғамьмыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидаткалы; ойындар оқушыпардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды қыралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балапәрдың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінің ойлау, зерде үрділерін дамытады. ӨмІр тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерф жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рол атқарады. 6.Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді. 6. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. 7. Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойда қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетің қызығушылығын дамыту. 8. Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б. 9. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы ВАСухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген. 10. Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. 11. Д.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады. 12. Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын турлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі. 13. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орыңдауға тырысады. 14. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. 15. Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз. 16. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. 17. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады. 18. Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТШ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР Қуыршақтың туған күні Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып (қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы үстел басына отырып шәй ішуге кіріседі. Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді. Суреттерді есіңе сақтап ал. Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады - кім көбірек суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады. Бір-бірінің айтқанын қайталау. Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады....

Дереккөзі:  www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Ақпарат жүйесін құруды негіздеу

Мазмұны Кіріспе………………………………………………………....3-4 Негізгі бөлім………………………………………………….5-13 I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу 1.1 Қолдану саласын сипаттау 1.2 Техникалық тапсырма 1.3 Концептуалдық сызба II Ақпарат жүйесін жобалау 2.1 Мәселенің қойылымы 2.2 Кіріс ақпараты 2.3 Шығыс ақпараты 2.4 Программаны жабдықтау Қорытынды...................................................................................14 Қолданылған әдебиеттер.............................................................15 I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу 1.1Коммерциялық банктың физикалық клиенттермен операцияларын жүргізуді талдау Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. “ Банк ресурстары ” термині “ несиелік ресурсы” терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқада активтік немесе комисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары. Депозиттер бұл банк үшін бірден- бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозиттік операциялар активті және болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялат. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады. Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайиз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттарымен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі. I.Қарыз алушы категорияларына қарай: 1.Қаржылық институттрға берілнтін несиелер: -м0ақсатты қорларға; -банктерге; -қаржы-несиелік мекемелеріне. 2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: -өнеркәсіп салаларына; -ауыл шаруашылығына; -саудаға; -дайындау ұйымдарына; -жабдықтау-сату ұйымдарына; -кооперативтерге; -жеке кәсіпкерлерге. Несиелеу қағидалары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу қағидалары негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу қағидаларына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерізімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидалары екі топқа бөлінеді: 1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидалар: - несиенің мақсаттылығы; - несиенің дифференциялдығы; 2 топқа- несиенің мәнін бейнелейтін қағидалар: - несиенің мерзімділігі; - несиенің қайтарымдылығы; - несиенің төлемділігі; - несиенің қамтамассыз етілуі. Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаларының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік қағидалармен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Екіншіден, бұл қағида несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурсқа деген сұраныссын оқып- үйрену барысында әлуетті қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай - ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетікшілекке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады. Несиенің төлемділігі- бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы депте атайды. Кассалық операциялар- ҚР-ғы екінші дейгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999- жылы 15- қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” Ережесіне сәйкес жұзеге асырылады. Осы ережеге сәйкес кассалық операция - бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді. Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма- қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлемшелер болуға тиыс: - кіріс – шығыс кассалары; - қайта санау кассасы; - кешкі касса; - сыртқа шығатын касса; Банк кассасына клиенттерден қолма- қол ақшаларды қабылдау мен оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі: 1) қолма- қол ақшаны салатындығының хабарламасы; 2) кіріс кассалық ордер бойынша. Басқада құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді. Кассадағы қолма- қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді. Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы – бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады. Бақылаушы- бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма- қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады. Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда,банктегі бұйрыққа байланысты,оның міндеті кассирге жүктеледі. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып,одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады. Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаның тапсырушының ақшалары болуға тиіс. Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін,кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырып,сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып,түбіртекке «Кіріс кассасы»деген мөр басып,оны ақшаны тапсырушыға береді. Валюта-мемлекеттердің заңды төлем құрал ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноталар,қазыналық билеттер мен тиындар соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын,бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда)түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары,сондай-ақ шоттардағы,соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары. Осы занда «валюталық операцияларға» төмендегідей түсінік берілген: 1) меншік құқығының және өзгеде құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар,соның ішінде төлем құрал ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзгеде төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер; 2) Валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту,сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту; Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады: 1)Шетел валютасы; 2)Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары; 3)Тазартылған құйма алтын; 4)Ұлттық валюта,резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары. Мұндағы резиденттерге жататындар: - ҚР-ның тұрақты тұрғыны,соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға; - ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттілігі; - ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық,сауда және өзгеде өкілеттіктер жатады. Ал,бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады. Валюталық реттеу-нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау,валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. Валюталық операцияларды тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі: - тіркеуі үшін өтініш; - валюталық келісім шарт көшірмесі (тігілген және мөрі басылған); - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі; - ҚР Статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі. 1.2 Техникалық тапсырма Техникалық тапсырма-бұл автоматтандырылған ақпарат жүйелерін құрудағы талаптарды бекітетін құжат. Бұл құжатты қалыптастыруда келесі мәселелерді шешу қажет: - ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы жалпы мақсатты бекіту және ішкі жүйенің құрамын анықтау; - ішкі жүйелерге қойылатын талаптарды анықтау және негіздеу; - ақпараттық базаға, математикалық және программалық жабдықтарға, құралдар кешеніне талаптарды анықтау және негіздеу; - ақпараттық жүйелерді тұрғызудағы кезеңдерді анықтау және орындалу мерзімін бекіту; - ақпараттық жүйелерді тұрғызуға кететін шығындарды есептеу және оны объектілерге қолдануға енгізгеннен кейін экономикалық тиімділігін есептеу. Ақпарат жүйесіне қойылатын талаптар: ішкі жүйе қызметтеріне деңгейлеріне басқаруды орталықтандыру дәрежесіне, ақпараттық алмасу әдісіне, қосымша жүйелермен өзара әрекеттесуіне және жүйенің даму перспективаларына, персоналға қойылатын талаптар, яғни жүйені қолданушылар саны олардың жалпы біліктілігі және оларды дайындау тәртібі: жүйенің сенімділігіне эргономикасына қауыпсыздікті қамтамасыз ету деңгейіне, стандартизациясына патенттік қорғалуына қойылатын талаптар. Жабдықтау түрлеріне талаптар: математикалық жабдықтарға, яғни математикалық модельдер және әдістерінің құрамы және алгоритмдерінің қолданылуының сапасы ақпараттық жабдықтардағы, яғни мәселелердің құрамына, құрылымына, жалпы ұйымдасуына талаптар; жүйе компонентерінің арасындағы мәліметтердің алмасуына талаптар; қолданылатын классификатор және кодтарға талаптар; ақпараттық массивтерді бақылау, ақпараттық платформаға талаптар; шығыс құжаттарына, заң күшін беру процедураларына талаптар; лингвистикалық жабдықтауға; программалар құру тілдеріне жүйе және қолданішы арасындағы тілдесу әдісіне, кодтау жүйелеріне талаптар; программалық жабдықтауға; программа құрал – жабдықтарының платформадан тәуелсіздігі олардың сапасы, программалық құрал - жабдықтарды бақылау әдістері, алгоритм қорларын қолдану. 1.3 Ақпарат жүйесінің концептуалды сызбасы Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді. Ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок схемалық алгоритмдердің ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжатының, ақпараттарының көптігі және т.б.

Дереккөзі: www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Жартылай өткізгіштер

Мазмұны Кіріспе................................................................................................................. 1. Қатты дененің физика элементтері .......................................................... 1.1. Қатты денелердің зоналық теориясы туралы түсінік ............................. 1.2. Зоналар теориясы бойынша металдар, жартылай өткізгіштер және диэлектриктер .............................................................. 2. Әртүрлі материалдан жасалған өткізгіштердегі түйісу құбылыстары.... 2.1. Түйісу потенциалдар айырымы................................................................... 2.2. Термоэлектрлік құбылыс............................................................................. 2.3. Пельтье эффектісі......................................................................................... 2.4. Томсон эффектісі.......................................................................................... 2.5. Термоэлектрлік құбылыстарды пайдалану................................................ 3. Негізгі қасиеттері бойынша өткізгіштердің, диэлектриктердің және жартылай өткізгіштердің бір-бірінен айырмашылықтары. 3.1. Жартылай өткізгіштердің металдардан және диэлектриктерден айырмашылығы............................................................... 3.2. Жартылай өткізгіштердің меншікті кедергілерінің температураға тәуелділігі ............................................................. 4. Жартылай өткізгіштердің түрлері ................................................................ 4.1. Өзіндік жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі ............................. 4.2. Қоспалы жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі ....................................... 4.3. р - n ауысуының қасиеттері ....................................................................... 5. Жартылай өткізгіштік құралдар ................................................................ 5.1. Жартылай өткізгіштік диод ........................................................................ 5.2. Транзисторлар ............................................................................................. Қорытынды ......................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... КІРІСПЕ Екі өткізгішті бір-біріне түйістірген кезде жылулық қозғалыстың әсерінен электрондар бір өткізгіштен басқа өткізгішке өтеді. Егер түйісетін өткізгіштер әртүрлі материалды болып келсе немесе олардың әртүрлі нүктелеріндегі температуралары бірдей болмаса, онда электрондар диффузиясының екі жақты ағындары бірдей болмайды, осының нәтижесінде бір өткізгіш оң, ал екіншісі – теріс зарядталып қалады. Сондықтан өткізгіштің ішінде және өткізгіштер арасындағы сыртқы кеңістікте электр өрісі пайда болады. Тепе-теңдік күйінде өткізгіштің ішінде диффузия ағындарының айырмашылығын дәл компенсациялайтын өріс тұрақталанады. Осы электр өрістерінің болуына өткізгіш-өткізгіш, өткізгіш-жартылай өткізгіш, жартылай өткізгіш – жартылай өткізгіш түйісулерінде пайда болатын бірқатар құбылыстар негізделінген. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін зоналық теория негізінде тек кванттық механика жан-жақты түсіндіріп бере алады. Орта мектепте ол кристалдардағы коваленттік байланыс моделінің, мысалы кремний немесе германий кристалдарындағы, көмегімен түсіндіріледі. Кристалдың әр атомы (мысалы, а- атомы) өзіне жақын орналасқан төрт атоммен сегіз электрон көмегімен байланысады: оның төртеуі – қарастырылып отырған атомның электрондары да, ал қалған төртеуі бір біреуден байланысқа түсіп отырған атомдардікі. Бұл байланысты түсіндіру жеткілікті түрде оқу және әдістемелік әдебиеттерде келтірілгендіктен, модель көмегімен талқылау керек болатын басты мәселелерге ғана тоқталамыз: а) Егер жартылай өткізгіштің температурасы абсолют нөлге жақындаса, онда кристалдағы барлық байланыстар бұзылмайды, сондықтан жартылай өткізгіш диэлектрикке айналады. ә) Температура жоғарылағанда немесе сыртқы әсердің себебінен кейбір байланыстар бұзылып, кристалл ішінде электр өрісінде қозғала алатын «еркін» электрондар пайда болады. б) Электроны кетіп, байланыстың үзілген орны «кемтік» деп аталады, оның заряды оң, сондықтан кемтіктер де электр өрісінде қозғала алады. Электр өрісіндегі электрондар мен кемтіктердің қозғалысын оқушылар шын мәнінде түсінуі тиіс. Ол үшін көрермендер залындағы бос орындар ұқсастығын пайдалануға болады. Көрермендер ауысып отырғанда бос орындар да жылжиды. в) Егер жартылай өткізгіштер ұщтарына кернеу берілсе, онда электрондар да, кемтіктер де қозғалысқа түседі. Жалпы ток электрондар мен кемтіктер жасайтын токтардың қосындысына тең. Таза жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі меншікті өткізгіштік деп аталады, олардағы электрондар саны мен кемтіктер саны өзара тең. Жасанды жолмен жартылай өткізгіштегі еркін электрондардың санын не кемтіктердің санын көбейтуге болады. Ол үшін кремний кристалына бес валентті мышьяк атомдарын, болмаса үш валентті индий атомдарын ендіреді. Бірінші жағдайда кемтіктеріне қарағанда электрондары өте көп жартылай өткізгіш қоспа алынады, оны n –типті (negativus – теріс сөзінің бас әріпі) жартылай өткізгіш деп атайды. Ал, екінші жағдайда – кемтік саны көп болады, мұндай қоспаны р –типті (positivus – оң сөзінің бас әріпі) жартылай өткізгіш деп атайды. Ондай жағдайда n –типті жартылай өткізгіштердегі негізгі заряд тасымалдаушы – электрондар, ал р –типті жартылай өткізгіштерде – кемтіктер болып қалады. Бұл мәселелерді оқушылардың терең түсінуі үшін «Жартылай өткізгіштер және олардың техникада қолданылуы» фильмінің сәйкес фрагменттерін көрсетуге болады. р – n - ауысу. Жартылай өткізгіштерге тән қасиеттердің ең маңыздысы - әр типті екі жартылай өткізгіштердің түйісуі екендігі, оның р-n – ауысу деп аталатындығы айтылады. р-n – ауысу қасиетін түсіндіруді тәжірибеден бастаған тиімді. Жартылай өткізгішті диодтың бір бағытта токты жақсы өткізетіндігін, екінші бағытта өте нашар өткізетіндігі көрсетіледі. Бұл құбылыстардың себебі жөнінде сыныпта проблемалық жағдай туғызуға болады. Алдымен әр типті өткізгіштерді түйістіргенде жүретін процесс түсіндіріледі. Дереу түйісу арқылы негізгі заряд тасымалдаушылардың nдиффузиясы басталады да, түйісу аймағында зарядтардың бейтараптануы нәтижесінде аймақтың кедергісі артып кетеді. Жартылай өткізгіштердің түйіскен жерінде пайда болған қосарланған электр қабаты зарядтар қозғалысына кедергі жасап, белгілі моментте диффузия процесін тоқтатып тастайды. Міне осындай жартылай өткізгіштерді ток көзіне қосып көрейік. Егер ток көзінің электр өрісі р-n – ауысуда пайда болған қосарланған электр қабатының өрісіне қарама-қарсы бағытта болса, онда сыртқы электр өрісі негізгі заряд тасымалдаушыларды түйісуге қарай қозғап, ол аймақтың кедергісін азайтып жібереді. Мұндай жағдайда р-n – ауысу арқылы ток жүреді. Егер ток көзінің электр өрісі р-n – ауысудағы электр өрісімен бағыттас болса, онда сыртқы электр өрісі негізгі заряд тасымалдаушыларды жан-жаққа тартып кетеді де, р-n – ауысу аймағындағы кедергі күрт өседі. Бұл жағдайда түйісу аймағында жапқыш қабат пайда болады деп айтады, өте аз ғана ток жүреді. Токты негізгі емес заряд тасымалдаушылар жасайды. Қорыта келгенде, р- n – ауысудың токты бір бағытта өткізіп, екінші бағытта, практикалық тұрғыдан қарағанда, өткізбейтін қасиеті бар екен. Жартылай өткізгішті диод. Диод деп бір р-n –ауысудан тұратын жартылай өткізгішті приборларды айтады. Диодтың құрылысын арнайы дайындалған кесте көмегімен түсіндіріп, оның жұмысын тәжірибе жасап көрсеткен тиімді. Әрі қарай диодтың вольт-амперлік сипаттамасы қарастырылады. Токты өткізу бағытында кернеуге байланысты ток жылдам өседі де, жапқыш бағытта ток аз және кернеуге айтарлықтай тәуелді емес. Графиктен р-n – ауысудағы токтың Ом заңына бағынбайтығын байқауға болады. Жартылай өткізгішті диодтардың айнымалы токты түзету үшін қолданылатындығы айтылады. Сонымен қатар әр түрлі мақсаттарда диодтардың радио – техникада, автоматикада, телемеханикада, кеңінен қолдалынып келе жатқандығын айту керек. Транзистор. Екі р-n – ауысудан тұратын жартылай өткізгіштік құрылғыны транзистор деп атайды (transfer – тасу, resistor – кедергі) оны екі р- типті жартылай өткізгіштер қабатының арасына n- типті жартылай өткізгіш қабатын орналастыру арқылы, немесе екі n- типті жартылай өткізгіш қабатының ортасына p- типті жартылай өткізгіш орналастыру арқылы дайындайды. Екі шеткі жартылай өткізгіштердің бірі эмиттер деп, екіншісі – коллектор деп аталады, ортағы қабатты база дейді. Бұл алынған екі р-n – ауысулардың электр тогын өткізу бағыттары бір-біріне қарама-қарсы. Эмиттер база арасына ε1 , база коллектор арасына ε2 батареяларын қосамыз. Сол жақтағы р-n – ауысу арқылы ток өтеді – ол р-n – ауысу ашық, ал оң жақтағы р-n – ауысуға батарея ток өткізбейтіндей бағытта жалғанған. База қабаты өте жұқа болады, оның ені әдетте электрондардың еркін жолының орташа ұзындығымен өлшемдес. База енінің мұншалықты жұқа болуы эмиттерден базаға өткен электрондардың түгел дерлік екінші р-n – ауысуға өтіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Соның нәтижесінде база-коллектор тізбегінде ток пайда болады. Ол ток шамасы эмиттер – база тізбегіндегі ток шамасына тәуелді болатындығы өзінен өзі түсінікті. Егер эмиттер – база тізбегіндегі ток өзгеретін болса, онда синхронды түрде база-коллектор тізбегіндегі ток та өзгереді. Міне, транзистордың осы айтылған қасиеті әлсіз электр сигналдарын күшейту мақсатында қолданылады. Ол үшін әлсіз сигнал көзін эмиттер-база тізбегіне тізбектеп қосады, ондай жағдайда R кедергісін үлкен етіп алу нәтижесінде, оған түсетін кернеудің мәнін де үлкейтіп алуға болады. Транзистор көмегімен әлсіз сигналды он мың есеге дейін күшейте аламыз. Басқа жартылай өткізгіш приборлар тәріздес транзисторлардың да радиотехникада, автоматикада, телемеханикада және техниканың басқа да салаларында қолданылатындығы жөнінде мысалдар келтіруге болады. Тақырыпты бекіту мақсатында, ең соңында жартылай өткізгіштердің электр өткізу қасиетін металдардың электр тогын өткізумен салыстыруға болады. 1. ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ ФИЗИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ 1.1. Қатты денелердің зоналық теориясы туралы түсінік Еркін электрондар моделіне сәйкес металл атомдарының валенттілік электрондары үлгінің шегінде еркін орын ауыстыра алады. Металдардың электр өткізгіштігін нақ осы валенттілік электрондар жасайды, осы себебтен оларды өткізгіштік электрондар деп атайды. Еркін электрондарды кристалда бір-біріне жақындатқанда валенттік электрондардың энергиясы квазиүздіксіз өзгереді. Бұл, рұқсат етілген энергия мәндерінің өте көп жақын орналасқан дискретті деңгейлерден тұратынын білдіреді. Шын мәнінде кристалда валенттілік электрондар толығымен еркін қозғала алмайды – оларға тордың периодтық өрісі әсер етеді. Бұл жағдай, валенттік электрондардың энергияларының мүмкін болатын мәндерінің спектрінің бір қатар, рұқсат етілген және тыйым салынған зоналарға ыдырайды (1-сур.). Рұқсат етілген зоналар шегінде энергия квазиүздіксіз өзгереді. Тыйым салынған зоналардағы энергия мәндерін қабылдау мүмкін емес. Зоналардың пайда болуын түсіну үшін атомдардың кристалдарға бірігу процесін елестетіп көрейік. Айталық алғашқыда кейбір заттың N оқшауланған атомдары болсын. Атомдар бір-бірімен жеке – дара тұрғанда олардың бәрін де бірдей сұлбада энергетикалық деңгейлер болады. Әрбір атомда энергетикалық деңгейлердің электрондармен толықтырылуы басқа атомдардың сәйкес деңгейлерінің толықтырылуына тәуелсіз болады. Атомдар біріне-біріне 1 - сур. жақындаған сайын бірте-бірте күшейе беретін өзара әсерлесу пайда болады, бұл деңгейлердің орналасу жағдайларының өзгеруіне алып келеді. Барлық N атомға бірдей деңгейлердің орнына, N өте жақын орналасқан, бірақ бір-біріне дәл келмейтін деңгейде р пайда болады. Сонымен оқшау тұрған атомның әрбір деңгейі кристалда ыдырап, N тығыз орналасқан деңгейлер жолақ немесе зона құрайды. Әртүрлі деңгейлер үшін ыдыраудың шамасы бірдей емес. Атомда сыртқы электрондармен толтырылған деңгейлер күшті ауытқиды. 2 – суретте 2 - сур. деңгейлердің ыдырауының атомдар аралық қашықтыққа r функциясы ретіндекөрсетілген. Сұлбадан, кристалда ішкі электрондардың орын алған деңгейлерінің ыдырауы өте аз екендігі көрініп тұр. Тек валенттік электрондармен толтырылған деңгейлер едәуір ыдырайды. Атомның негізгі күйінде электрондармен толтырылмаған жоғарырақ деңгейлер де осындай ыдырауға ұшырайды. 1.2. Зоналар теориясы бойынша металдар, жартылай өткізгіштер және диэлектриктер Энергетикалық зоналардың болуы, бір көзқарас тұрғысынан, металдардың, жартылай өткізгіштердің және диэлектриктің болуын, түсіндіреді. Атомның негізгі күйіндегі валенттік электрондар тұратын рұқсат етілген зонаны, валенттік зона деп атаймыз. Абсолюттік нольде валенттік электрондар валенттік зонаның төменгі деңгейлерін екі-екіден толтырады. Жоғарырақ рұқсат етілген зоналар электрондардан бос болады. Валенттік зонаның толу дәрежесіне қарай және тыйым салынған зонаның еніне қарай, 3 – суретте көрсетілгендей, үш жағдай болуы мүмкін. а жағдайында электрондар валенттік 3 - сур. зонаны толығымен толтырмайды. Сондықтан, жоғары деңгейде тұрған электрондарға өте аз энергия берілсе болды, олар жоғарғы деңгейге ауысады. Электр өрісінің электронға әсерінен пайда болған қосымша энергия да, электрондарды жоғарырақ деңгейге ауыстыруға жеткілікті болады. Сондықтан, электр өрісінен электрондар үдетіліп және, өріске қарсы бағытта, қосымша жылдамдық алады. Сонымен, осындай сұлбалы энергетикалық деңгейлері бар кристалл металл болып саналады. Валенттік зонаны жарым-жартылай толтыру (металл жағдайында оны өткізгіштік зонасы деп те атайды), атомдағы соңғы орын алған деңгейде тек бір ғана электрон болады немесе зоналардың бірін-бірі көмкеруі бақыланады. Бірінші жағдайда N өткізгіштік электрондар валенттік зонаның жартысын ғана жұптасып толтырады. Екінші жағдайда, өткізгіштік зонасында деңгейлердің саны N-нен артық болады, егер де тіптен өткізгіштік электрондардың саы 2N болса да, олар зонаның барлық деңгейін толтыра алмайды. б және в жағдайларында (3-сур.) валенттік зонаның деңгейлері электрон электрондармен толық толтырылған – зона толған. Электронның энергиясын арттыру үшін, оған тыйым салынған зонаның енінен ΔЕ кем емес энергия мөлшерін беру керек. электр өрісі (кристалдың электрлік тесілуі болмайтын кернеулікте) мұндай энергияны электрондарға бере алмайды. Мұндай жағдайда кристалдың электрлік қасиеттері тыйым салынған зонаның ΔЕ енімен анықталады. Егер бұл ен үлкен болмаса (оннан бір электроновольт), жылулық қозғалыстың энергиясы, электрондардың бір бөлігін жоғары еркін зонаға ауыстыруға, жеткілікті болады. Бұл электрондар, металдағы валенттік электрондар тұрған жағдайға ұқсас күйде болады. Еркін зона олар үшін өткізгіштік зона болып саналады. Бір мезгілде валенттік зонадағы электрондардың жоғары босаған орындарға ауысу мүмкіндіктері туады. Мұндай затты өзіндік жартылай өткізгіш деп атайды. Егер тыйым салынған зонаның ΔЕ ені үлкен болса (бірнеше электроновольттай), жылулық қозғалыс еркін зонаға едәуір электрондардың санын лақтырып тастай алмайды. Бұл жағдайда кристалл диэлектрик болып саналады. 2. ӘРТҮРЛІ МАТЕРИАЛДАН ЖАСАЛҒАН ӨТКІЗГІШТЕРДЕГІ ТҮЙІСУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ 2.1. Түйісу потенциалдар айырымы Екі металл пластиналарды тығыз жанастырайық (4-сур.). Металдарда 4-сур. еркін электрондар хаосты қозғалыста болатындықтан, пластинкалардың жанасу беттері арқылы электрондардың диффузиясы басталады. Егер жанасатын металдар бірдей және олар бір температурада тұрса, онда тек электрондармен ғана алмасу жүреді, өйткені электрондардың бір пластинкадан екінші пластинкаға өту шарттары бірдей болады. Әртүрлі металдан жасалынған екі пластинкаларды жанастырайық. Бұл пластиналарда көлем бірлігінде еркін электрондардың саны әртүрлі, яғни еркін электрондардың концентрациясы әртүрлі. Айталық Б металында электрондардың концентрациясы, А металға қарағанда көп болсын. Сонда Б металдан А металға, қарама-қарсы бағытқа қарағанда, көп электрон өтеді. Егер электрондардың зарядтары болмаса, онда бұлардың диффузиясы, екі пластинкадағы электрондардың концентрациялары теңескенге дейін жүрер еді. Электронда зарядтың болуы бұл кескінді өзгертеді. Жанасқанға жейін металл пластинкалар электр нейтраль еді. Олар түйіскен кезде Б металы электрондарын жоғалтып оң зарядталады, ал А металы электрондарды қабылдап теріс зарядқа ие болады. Сондықтан пластинкалар арасында, электрондардың теңдей өтпеуі себептен, потенциалдар айырымы пайда болады. Әртекті металдар жанасқан кезде пайда болатын потенциалдар айырымын, түйісу потенциалдар айырымы деп атайды. Бұл потенциалдар айырымы электрондардың Б металдан А металға көшуіне қарсылық жасайды. Металдар жанасқаннан кейін алғашқы қысқа уақыт аралығында,электрондардың концентрацияларының айырмашылығы пайда болған электр өрісіне қарағанда,электрондарға артық әсер етеді, сондықтан электрондар көбінесе Б металдан А металға өтеді. Бұл кезде электрондардың концентрациялар айырымы азайып, түйісу потенциалдар айырымы артады. Бұл процесс металдардың түйісу беті арқылы екі жақты өтетін электрондардың сандарының динамикалық тепе-теңдігі орнағанға дейін жүреді. Әрбір екі металл үшін бірдей температурада динамикалық тепе-теңдік кезінде түйісу потенциалдар айырымы ең үлкен мәнге ие болады. Түйісу потенциалдар айырымы туралы сөз болғанда оның максимал мәні айтылады.

Дереккөзі:  www.ZHARAR.com

Администратор 2019-09-15

Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………..3
1 Бөлім. Тікелей салықтардың экономикалық мазмұны……………………………….5 
1.1. Тікелей салықтардың экономикалық мазмұны…………………………………….5 
1.2. Тікелей салықтар мәселелері жөнінде ғалымдар мен тәжірибешілер пікірі…………………………………….9
2 Бөлім. Тікелей салықтардың негізгі түрлері…………………………………………….11
2.1. Табыстарға тікелей салықтар………………………………………………………………11
2.2. Меншіктерге тікелей салықтар…………………………………………………………..17
3 Бөлім. Тікелей салықтарды жетілдіру жолдары……………………………………….21
3.1. Тікелей салықтарды қолдану кемшіліктері…………………………………………..21
3.2. Тікелей салықтарды жетілдіру жолдары………………………………………………22
Қорытынды мен ұсыныстар………………………………………………………………………26
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………………27

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі». 
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр.
Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. 
Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге мүлікке салық салу осы мүлікті барынша тиімді пайдалануға ынталандырады әрі мүлікті салық салудан жасыру тіптен мүмкін емес.
Тікелей салықтардың фискалдық және реттеушілік қызметін ескере отырып, табысқа салынатын салық ставкалары жоғары болуын ескеру. Салық салу базасының табысқа және мүллікке салынатын салық үлесін қайта қарау кәсіпорын бөлігінің жасырын бизнеске кетпеуін қамсыздандырады. 
Салық салуда белгілі әділеттілікке қол жеткізу, дәлірек айтқанда; 
– жағдайы нашарларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету 
– табыс көзінен тыс салық салудың біртұтас шақаласын құру 
– табысқа салынатын салықтың үлесін шегерімдер арқылы азайту; 
Сондай-ақ мүліктік салықтарды жергілікті деңгейде қолдану салықтың негізгі функциялары – фискалдық, реттеушілік және бақылау қызметтерін айтарлықтай дәрежеде көтеруге мүмкіндік береді. Мүлікке салық салу өткен кезеңдерде жасалған капитализацияланған табысқа салық салу объектілерін қоса, табысқа салық салуға толықтауыш қызметін атқарады. 
Мүлікке салынатын салықтар әлемнің көптеген елдерінде салық жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, жалпы мемлекеттік кірістердің құрамында айтарлықтай жоғары орын алады және көптеген мемлекеттердің жергілікті бюджеттерінің негізі болып табылады. Олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болуымен қатар, өндірістің ұлғайып дамуына да оң ықпалын тигізеді.
Осылайша табысқа және мүлікке салық салу жүйесін жетілдірудің теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу, табысқа және мүлікке салынатын салықтардың қалыптасу және есептеу тәртібін анықтау, бақылау қызметін ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін қарастыру, табысқа және мүлікке салық салу жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы курстық жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты мен міндеттерін, ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала айқындауға мүмкіндік берді.
1 Бөлім. Тікелей салықтардың экономикалық мазмұны.
1.1. Тікелей салықтардың экономикалық мазмұны.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар– шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар- бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі.
Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:
1.Салық салу объектісіне байланысты.
2.Қолданылуына қарай.
3.Салық салу органына байланысты.
4.Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
5.Экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі. Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
• Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• Мүлік салығы;
• Жер салығы;
• Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
• Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
Дамыған елдерде мемлекеттік бюджеттің 90%-ын салықтар құрайды. Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінің 27,2%-ын құрайды. 
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Қазақстан Республикасы өзінің 16 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің біргеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, Жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған.
Табыс салғының бұрынғы есептеу әдісін сақтай отырып, жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерістердің құрамын қайта қарау жолымен корпорациялық табыс салығы бойынша салық ауыртпалығын төмендету ұсынылған. 
Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
– жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
– дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді. 
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор. 
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.
Жер салығының экономикалық мазмұны
ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді. 
Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
1.2. Тікелей салықтар мәселелері жөнінде ғалымдар мен тәжірибешілер пікірі.
Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салықтар туралы көз қарастар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары: А. Базарбаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мекен – жайына аумақтық салық органдары жіберген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға салық төлеушілерден шағымдар түсуде. Бұл ретте Салық кодексінде салық актісі бойынша хабарламаларға жасаған салық төлеушілердің шағымдарын уәкілетті мемлекеттік органның қарауы көзделген. Сондай – ақ аумақтық салық комитеттерінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламалар жіберген жағдайлар болды. 
Соған байланысты мынадай түсініктеме жасаймыз. Салық кодексінің 517 – бабында салық бақылауының нысандары салық тексерістері түрінде де, сондай – ақ камералдық бақылау түрінде де көзделген. Салық кодексінің 18 – бөлімінің ережелерінде есептелген салықтар, өсімдер мен айыппұлдар сомаларына қатысты Салық тексерістері актілері бойынша хабарламаларға салық төлеушілер шығымдарын қарау тәртібі айқындалған. 
Айтылғандарға байланысты, алдағы уақытта хабарламалардың дұрыс ресімделмеуіне және мұндай шағымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне түсуіне жол бермеу үшін облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне және № 1 Аймақаралық салық комитетіне осы түсініктемені төменгі тұрған аумақтық салық комитеттері мен салық төлеушілерге жеткізу тапсырылады. 
Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер : А.Д. Байдүйсенов 
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады. 
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқаумызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет : мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру

Дереккөз: https://kznews.kz

Администратор 2019-09-15